Ауыр атлетиканың аңызы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 8 сабақ
Жеңіске шөлдедім – Илья Ильин спортқа қайта оралды
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин екі жылға жарыстан шеттету мерзімі аяқталған соң үлкен спортқа қайта оралғанын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
"Жарыстан шеттетілген 2 жылда жаттықтым, спортпен айналыстым. Әлеуметтік желіде ашықпын, жаңалықтарыммен халықпен бөліскен ұнайды. Адамдар менің жаттығуларымды қарап отырады. Ағылшын тілімді жақсарттым. АҚШ-қа барып, Бостонда оқыдым, мәдениетін көрдім", - деді Илья Ильин.
Жарыстардан 2 жылға шеттетілгеннен кейін үлкен спортқа оралған ауыр атлет алдағы жоспарларымен бөлісті.
"Мен еліме керекпін. Маған көмектескен құраманы құрдық. Ертең Токио олимпиадасы болады. Федерация президентіне ерекше алғыс айтамын. Болашақ жоспарларыма келер болсақ, қай салмақта сынға түсетінім бір айдан кейін мәлім болады. Салмағым 101-103 келі, алдын ала айтсақ 100 келі салмақ дәрежесінде деп отырмыз. Нәтижем жақсы, қазір серпе де 172 келі, жұлқа да 212 келі көтеремін. Бұл жақсы нәтиже. Жаттығу керек, организмді, аяғымды қалпына келтіру керек. Жақсы формадамын. Қазіргі жағдайым 95%-ға жақсы деп айта аламын. Ендігі кезекте Қазақстан чемпионатына қатысамын. Одан кейін әлем чемпионатына қатысу жоспарда бар. Олимпиада лицензиясын алуға да ұмтыламыз. Қазір Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атануды қалаймын. Жеңіске шөлдедім", - деді Илья Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының допинг-сынамалары қайта тексерілгеннен кейін Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, сонымен қатар Майя Манеза мен Светлана Подобедова алтын медальдарынан айырылды. Олардың сынамаларында тыйым салынған заттар табылып, төртеуі екі жылға жарыстардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2018 жылдың 10 маусымында аяқталды.
Жарыстан шеттету туралы белгілі болғанда Майя Манеза мен Светлана Подобедова спорттық мансабын аяқтағаны туралы хабарлады. Ал, Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло спортта қалу туралы шешім қабылдап, осыдан бірнеше ай бұрын белсенді жаттығуға кірісті.
https://bnews.kz/kz/news/zheniske_sholdedim__ilya_ilin_sportka_kaita_oraldi
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды