Боксшы Бақтияр. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 9 сабақ


Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев

 Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы  14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келді. Боксшы, еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері. М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін, ҚҚазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Бокспен 10 жасынан айналысқан. Жаттықтырушысы - Н.Ақүрпеков. 1998 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алған. 2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарында ширек финалда Олимпиалық ойындардың екі дүркін чемпионы ресейлік Олег Саитовтан үстем шыққан Бақтияр Артаев финалда Кубаның екі дүркін әлем чемпионы Лоренцо Арагонды жеңіп, алтыннан алқа таққан. 2005 жылы Қытайда өткен ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері, 2006 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.2009 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің әкімі болды. Сол жылы қарашада Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.  2011 жылы - Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.  2012 жылы 24 желтоқсанда «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының президенті болып тағайындалды.1-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.http://alashainasy.kz/omir/baktiyar-garifollaulyi-artaev-49721/

Еңбек жолы және білімі

  • Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.
  • Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған.
  • ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары
  • «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері
  • Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген.
  • 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.
  • 2011 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.
  • Қазіргі уақытта Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайының директоры.

Жанұясы

  • Әкесі - Артаев Ғарифолла Бекбасарұлы (1956 - 20.08.2012)
  • Анасы - Жексембиева Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 - 20.08.2012)
  • Ағасы - Бақыт (1979 ж.т.)
  • Інісі - Артаев Наурыз (1989 ж.т.)
  • Жолдасы - Тұнғатова Салтанат Тоғайқызы (1986 ж.т.)
  • Ұлы - Артаев Әлинұр Бақтиярұлы (2009 ж.т.)

Бақтияр Артаев құрметіне 2007 жылдың 21 наурыз күні Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы ашылды.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%80_%D2%92%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%84%D0%BE%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%90%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу