Боксшы Бақтияр. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Сабақ жоспары

7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Боксшы Бақтияр

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.

Сабақтың мақсаты

Мәтінді тыңдай отырып, мазмұнын түсінуге, детальді ақпаратты анықтауға үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • тыңдалым материалының мазмұнын түсінеді;
  • детальді ақпаратты анықтайды.

 Тілдік дағдылар

Оқушылардың тақырыпқа қатысты лексикасы дамиды.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Спорт, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, спорт жұлдызы туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

7 минут

1-тапсырма.

 Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мұғалім тірек сөздер ұсынады.

 Берілген сөздерді қатыстыра отырып, сабақ мазмұны мен тыңдалым мәтіні не туралы болатынына болжам жасаңыздар.

 

 

 

Слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

15 минут

5 минут

 2-тапсырма

1.Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып тыңдауға және мәтіннен негізгі ақпараттарды түртіп алып, мазмұнын топта қысқаша талқылауға шақырады.

  • Мәтінді мұқият тыңдаңыздар.
  • Негізгі ақпараттарды дәптерлеріңізге түртіп алып, топта қысқаша мазмұнын талқылаңыздар.
  • Мәтін не туралы болды?
  • Мәтіннің негізгі мақсаты не деп ойлайсыздар?
  • Мәтіннен не түюге болады?

3-тапсырма

Мұғалім оқушыларға мәтіндегі детальді ақпараттарды анықтату үшін тыңдалымды қайта ұсынады және мәтінге қатысты тірек сөздерді ұсынып, детальді ақпараттарды анықтауға шақырады. Мәтінге қатысты тірек сөздерді қолдану арқылы детальді ақпараттарды анықтаңыздар.

Қосымша қолдауды қажет ететін оқушылар үшін мұғалім мына сұрақтарды ұсынуына болады:

  • Спортшының пікірінше, кінәні кімнен іздеу керек?
  • Спортшы үшін атақ маңызды ма әлде ақша ма?
  • Ол соңғы ақшасын неге жұмсайды?
  • Жиі айтатын сөзі қандай?
  • Спортшы ашуын кімнен алады?
  • Кімді жиі сағынады?
  • Споршының уақыт емдей алмайтын жарасы бар ма?
  • Өмір оған не берді?

Мұғалім тапсырмаларды орындап болғаннан кейін дескрипторлар бойынша өз-өздерін бағалатып, тапсырмалар бойынша оқушыларға кері байланыс береді.

ДЕСКРИПТОРЛАР

  • Тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұнына болжам жасайды;
  • Тыңдалым мәтінінің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді;
  • Детальді ақпараттарды анықтайды;

Бақтияр Артаев: Кінәні өзгеден емес, өзіңнен ізде

https://www.youtube.com/watch?v=Mqga2ztwqb4

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылайды.

Оқушылар сабаққа байланысты рефлексия жасайды.

« Нені білдім?

Нені білуім керек?»

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу