![]() |
|
![]() |
Өткізгіштерді параллель жалғауды зерделеу. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұрақты электр тогы | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Өткізгіштерді параллель жалғауды зерделеу. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | -электр тізбектерін жинау және тізбектің схемасын салу; - параллель жалғаудың заңдылықтарды зерделеу. | |||||||||
Баағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ток көздері- current source Ток күші- amperage Кернеу-voltage Амперметр- ammeter Вольтметр- voltmeter Омметр - ommeter Тізбектей жалғану-series connection Параллель жалғану-parallel connection Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктіӊ ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштіӊ кедергісіне кері пропорционал. Кедергініӊ 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі қабылданған. Параллель жалғану кезінде..... Тізбектей жалғану кезінде.... | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушы өз пікірін және ойын ашық білдіре алады; ұқыптылыққа және өзгелерге құрметпен қарауға дағдыланады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Есептеулер жүргізу барысында математика пәнімен байланыстыруға болады. | |||||||||
Бастапқы білім | Тізбектей жалғау және Ом заңын алдыңғы сабақтарда оқып үйренген. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-7 мин |
Тізбек құрастыру дегеніміз не? Тізбектерге не жатады? Тізбек бөліктерін қалай атаймыз, оларды қалай жалғауға болады? Тақтады тақырыпты анықтау үшін қызықты ойын өткізу.
https://learningapps.org/368825 Оқушылар жылдам және кезек-кезек келіп пазл жинақтау. Пазлда жинақталған сурет сабақ тақырыбына қатысты болады. Мұғалім сабақ тақырыбын мен оқу мақсатын таныстырады. Оқушылармен бағалау критерийлері құрастырылады. Мұғалім зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстырады. | |||||||||
Сабақтың ортасы 7-17 мин 17-20 мин 20-35 мин 35-37 мин |
1 топ. Алдарыңызда жатқан құралдарды пайдаланып, шам жанғанда қоңырау қосылатындай тізбек құрастырыңдар. Ол жұмыс жасауы тиіс және оның схемасын салып көрсетіңіздер. Бағалау критерийлеріі:
2 топ. Алдарыңызда жатқан құралдарды пайдаланып, шам жанғанда қоңырау қосылмай және қоңырау қосылғанда шам жанбайтындай тізбек жинақтаңыздар. Ол жұмыс жасауы тиіс және оның схемасын салып көрсетіңіздер. Бағалау критерийлеріі:
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді, мұғалім бақылайды.
Мұғалім бақылайды және әр жұпқа кері байланыс жасайды. Қабілетті оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар орындауға беріледі | Презентация | ||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | 5)Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. 6)Үй тапсырмасы. Тұрмыстық жағдайда параллель жалғауға мысалдар қарастыру. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Топқа бөлінуде оқушылар өз қабілетіне сай топтағы рөлдерді таңдап алады. Тәжірибелер сатылы ретпен қарапайымнан күрделіге қарй бағыттала берілген | Жұптық және топтық жұмыстарда оқушылар бір- бірін бағалай алады. | Кабинеттегі жалпы қауіпсіздік ережесінің сақталуы. Зертхана барысында қауіпсіздік техникасын ескерту | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023