![]() |
|
![]() |
Есептер шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сынып: | 8-сынып | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 8.3А Тұрақты ток | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Есептер шығару | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты | 8.4.3.7 – есептер шығару кезінде өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын қолдану. 8.4.3.9 –тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығару кезінде қолдану. 8.4.3.8 температурасы тұрақты металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Ток күшінің кернеуге тәуелділігін түсіндіре алады. Пәнге тән лексика мен терминология
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Егер өткізгіш ұштарына түсірілген кернеу …… сайын, онда ток күші ……. Графиктің көлбеулік бұрышының мәні кедергіге ..... (тура, кері) пропорционал. Тізбектегі ....... өзгерту (реттеу) үшін реостат қолданылады. При увеличении/уменьшении напряжения на концах проводника сила тока увеличивается/уменьшается. Угол наклона графика прямо/обратно пропорционален сопротивлению проводника. Для изменения (регулировки) … в цепи применяется реостат. In case of increase/decrease in voltage on the conductor ends, the current strength increases/decreases. The diagram angle is directly/reversely proportionate to the conductor's resistance. To change (regulate) …, a resistor is applied in the circuit. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау; Коммуникативті дағдыларын жетілдіру; Ұқыптылыққа мен адамгершілікке баулу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | Ом заңын неміс физигі Г.Ом ашты. Электр тогымен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік техникасы. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Энергияның баламалы көздерін қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, геометрия, сызу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | ХБЖ; электр заряды; электр өрісі; электр тогы; ток күші; кернеу; тізбек элементтері; амперметр; вольтметр, мультиметр. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 сабақтың басы 1-3 мин 4-9 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу. (І) Физикалық диктант
| Презентация 1 слайд 2-3 слайдтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 сабақтың ортасы 7-12 мин 13-20 мин 21-37 мин | (W/І) Қайталау сұрақтары:
(W) 1-тапсырмаОқушы зертханалық жұмыс орындау барысында келесі екі графикті тұрғызды. 1 және екінші графикте қандай шамалардың тәуелділігі көрсетілген?
Оқушы зертханалық жұмысты орындау барысында алынған амперметр мен вольтмертлердің мәндерін келесі кестеге енгізді. Берілген мәліметтер брйынша вольт-амперлік сипаттаманы және ток күшінің кедергіге тәуелділік графигін тұрғызыңыз. Оқушы резистор әлде шамды қолданды? (І) Есептер шығару 1. Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигінен әр өткізгіштің кедергісін анықтаңыз.
2. Алюминий өткізгіштің ұзындығы 500 м, оның көлденең қимасының ауданы 4 мм2 . Өткізгіштің кедергісін анықтаңыз.
3. Көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс сымы 4 Ом кедергіге ие. Өткізгіштің ұзындығын анықтаңыз.
4. Күміс өткізгіштің ұзындығы 0,6 м, ал оның кедергісі 0,015 Ом. Өткізгіштің көлденең қимасының ауданын анықтаңыз.
Дифференциация: Есептер шығару кезінде мұғалім әр оқушыға жеке кеңестер беріп отырады. Кейдір оқушылар тапсырмаларды тезірек орындайды, оларға қосымша тапсырма ұсынылады. Бағалау: Есептер шығару кезінде дайын дұрыс жауаптар арқылы өзін бағалау, өзара бағалау, қалыптастырушы бағалау. | 4 слайд 5-6 слайдтар 7-8 слайдтар 9-10 слайдтар Қосымша 1 11 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия.
| 12 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 сабақтың басы 1-2 мин | Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийлерін қайталау. | 13-14 слайдтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 сабақтың ортасы 3-20 мин 21-38 мин | (І) Есептер шығару 5. Электр желілерінде қолданылатын алюминий сымының көлденең қимасының ауданы 2 мм2. Желідегі сымның ұзындығы мен кедергісі өзгермейтіндей етіп, алюминий сымының орнына көлденең қимасы қандай никель сымын қолдануға болады.
6. Ұзындықтары бірдей екі болат сымдардың көлденең қималары сәйкесінше 0,05 және 1 мм2. Сымдардың қайсысы азырақ кедергіге ие? Неше есе?
7. Ұзындығы 1 км өткізгіштің кедергісі 5,6 Омға тең. Ұзындығы 100 м әр бөліктегі кернеуді анықтаңыз, егер ток күші 7 мА екені белгілі болса.
8. Оқушының қолында біртекті екі өткізгіш бар. Бірінші өткізгіш екінші өткізгіштен 8 есе ұзынырақ. Екінші өткішгіштің көлденең қимасының ауданы бірінші өткізгішке қатысты 2 есе көбірек. Қай өткізгіш көбірек кедергіге ие? Неше есе?
9. Телефонды ток көзіне қосатын өткізгіш көптеген жұқа мыс сымдардан тұрады. Осындай өткізгіштің кедергісін есептеңіз, егер өткізгіш 20 мыс сымынан тұратын болса және әр мыс сымының көлденең қимасының ауданы 0,05 мм2 тең болса.
10. Реостат қысқыштарындағы кернеу 45 В тең. Реостат ұзындығы 50 м және көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никель сымдардан жасалған. Реостаттағы ток күшін анықтаңыз.
11.Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 өткізгіштің кедергісі 180 Омға тең. Оқушы 36 Ом кедергіні алу үшін дәл сол материалдан жасалған, дәл сондай ұзындыққа ие көлденең қимасы қандай өткізгішті қолдану керек.
Дифференциация: Есептер шығару кезінде мұғалім әр оқушыға жеке кеңестер беріп отырады. Кейдір оқушылар тапсырмаларды тезірек орындайды, оларға қосымша тапсырма ұсынылады. Бағалау: Есептер шығару кезінде дайын дұрыс жауаптар арқылы өзін бағалау, өзара бағалау, қалыптастырушы бағалау. | 15-16 слайдтар 17-18 слайдтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 сабақтың соңы 39-40 мин | Рефлексия: Өздік жұмыс бойынша оқушыларға кері байланыс жасау. | 19 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | «Тұрақты ток» бөлімін толығымен қайталау, БЖБ-ға дайындық. | 20 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау | Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023