Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

8

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтыңтақырыбы

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.9 Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үйренуі тиіс:

Кедергі, кернеужәне ток күшінің байланысын біледі.

Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графиктік және сандық есептерде қолданады.

Кейбіреулероқушыларүйренуітиіс:

Ом заңын, Ток күшінің , кедергінің формуласын есеп шығаруда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар Ом заңын ауызша тұжырымдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

ХБЖ; электр заряды; электр өрісі; электр тогы; ток күші; кернеу; тізбек элементтері; амперметр; вольтметр, мультиметр

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Амперметр тізбекке... тізбектей жалғанады (қосылады)

Вольтметр тізбекке... параллель жалғанады (қосылады)

Кернеудің ток күші тәуелділігі ... көрсетеді

ВАС графигіндегі сызықтың тангенсі ... тең

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Тізбектегі токты және кернеуді есептеу барысында, тәуелділік графиктерін сипаттауда математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелейді және түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

5-10 мин

1) Оқушылардың шапшаңдығын және теориялық материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін ауызша сұрақтар беріледі.

Тапсырма "Иә" немесе "жоқ"

  • Аттас заряттар бір-бірімен тартылама ма? (жоқ)
  • Ток күшінің өлшем бірлігі омметр. (иә)
  • Электр кернеуін өлшейтін құрал амперметр (жоқ)
  • Ток күшін өлшейтін құрал амперметр (иә)
  • Электр тогының магниттік әсері болама ма? (иә)
  • Әр аттас заряттар бірін-бірі тебеме? (жоқ)
  • Электр кернеуінің өлшем бірлігі Ом (жоқ)
  • Электр кернеуінің өлшем бірлігі вольт (иә)
  • Кедергіні R-әрпімен белгілей ме? (иә)
  • Кедергінің өлшем бірлігі секунд (жоқ)
  • Кедергіні өлшейтін құрал реостат (иә)
  • Электр тогының химиялық әсері болама ма? (иә)

Жауаптарын мұғалім айтады, оқушылар өзара бағалау жүргізеді.Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс жасайды.

2) Ой қозғау. Ток күші кернеуден қалай тәуелді? Ток күші басқа қандай шамаға тәуелді болады?

Оқушылар өткен сабақтағы зертханалық жұмыс нәтижесін қолданып, Ом заңын тұжырымдайды.

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

10-30 мин

30-35 мин

3) Қолдану дағдысын дамыту үшін, оқушылар Ом заңын қолданып жұпта есептер шығарады

Тапсырмалар:

1. Кернеу 220 В, ток күші 0,25 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша?2. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші қандай?3. 30 Ом өткізігіштің ток күші 0,6 А, ұштарындағы кернеуін анықтаңыздар.

4. Суретте екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген.Қай өткізгіштің кедергісі үлкен?

5. Суретте үш өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. Әрқайсының кедергісін анықтаңдар

6. Кедергілері 5 және 15 Ом болатын екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар

7. Тізбектің бір нүктесінен екінші нүктесіне 120 Кл зарядт тасымалдау үшін 8 мин ішінде 600 Дж жұмыс атқарылды.Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңдар.

8. Өткізігіштің ұштарындағы кернеу 15В. Егер 20с ішінде 150 Дж жұмыс атқарылса, өкізігіштегі ток күші қандай?

Бағалау критерийлері

  • Ом заңын біледі және қолданады
  • Кедергілерді салыстырады
  • Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызады
  • Ток күшін және электр кернеуін біледі және қолданады

Әр оқушы өзін-өзі тексереді, оқушылар өзара кері байланыс жасайды

Сабақ соңы

35-40 мин

4) Рефлексия: (пойыздың вагондары сабақтың кезеңі )

5) Үй жұмысы§38 оқу 18- жаттығу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар үйренуі тиіс:

Кедергі, кернеу және ток күшінің байланысын біледі.

Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графиктік және сандық есептерде қолданады.

Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:

Ом заңын, Ток күшінің , кедергінің формуласын есеп шығаруда қолданады.

Өзін -өзі бағалау, өзара бағалау арқылы

Физика кабинеттіндегі қауіпсіздік техника сақтау ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу