![]() |
|
![]() |
Температура. Температураны өлшеу. Температуралық шкалалар. Физика, 8 сынып, презентация.
4 сурет, 1 сөз
Сабақ тақырыбы
Температура. Температураны өлшеу. Температуралық шкалалар
Миға шабуыл
Термометрлердің қандай түрлерін білесіздер?
Термометрді не үшін қолданады?
Қалай ойлайсыздар, температура дегеніміз не?
Термометрдің жұмыс істеу принципін қалай түсіндіре аласыздар?
Температура немен өлшенеді?
Сіздің термометріңіз қандай температураны көрсетіп тұр?
Температура
Бөлшектердің хаостық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясымен анықталатын зат күйінің физикалық сипаттамасы.
Термометр – дененің температурасын өлшейтін құрал.
Температура артқан сайын орташа кинетикалық энергия да артады.Термометр (грек. θέρμη — жылу μετρέω — өлшеймін) — дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометр түрлері:
Сұйықтық
сыртқы температураның өзгеруіне байланысты термометрдің ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген ( спирт немесе сынап).
Механикалық
бұл термометрлердің жұмыс істеу принципі жоғарыда айтып өткен термометрлер сияқты, тек бір айырмашылығы мұнда датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалған лента қолданылады.
Демонстрация
Сұйықтықтың жылулық ұлғаюы
https://www.youtube.com/watch?v=Z9dOW64pI5s
https://www.youtube.com/watch?v=v67fhyFWDtk
Сабақ тақырыбы
Температура. Температураны өлшеу. Температуралық шкалалар
Термометрдің шектік нүктелері
Цельсий шкаласы:
0 0С – мұздың еру температурасы
100 0С – судың қайнау нүктесі
https://www.youtube.com/watch?v=AmDFZ2BDkiw
Термометрді градуирлеу әдісі
Температуралық шкалалар
Цельсий шкаласы
Техникада, медицинада, метеорологияда, күнделікті өмірде қолданылатын, қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі нөл градуска, ал судың кайнау нүктесі 100 градуска сәйкес келетін температуралык шкала. Шкала 1742 жылы Андерс Цельсиймен ұсынылған.
Қалыпты атмосфералық қысымда мұздың еру және судың қайнау нүктелерінің аралығын 180 бөлікке бөлу арқылы алынған температуралық шкала. Ол бойынша мұздың еру нүктесі 32°F, судың қайнау нүктесі 212°F мәндеріне теңестіріледі. Фаренгейт шкаласын 1724 жылы неміс физигі Габриель Даниель Фаренгейт ұсынған. Фаренгейт шкаласы бойынша алынған температураны Цельсий шкаласына айналдыру t°C=5/9(T°F-32), T°F=t°C*9/5+32 формуласы арқылы орындалады, яғни 1°F=5/9°C.
Фаренгейт шкаласы
Реомюр шкаласы
Рене Антуан Реомюрмен 1730 жылы ұсынылды, Бірлігі — Реомюр градусы (°R), 1 °R — мұздың еру температурасы мен (0 °R) судың қайнау температурасы (80 °R) шектік нүктелер арасындағы температуралық интервал, 1/80 бөлігіне тең шама. 1 °R = 1,25° C.
Қазіргі кезде бұл шкала қолданылмайды, ең көп уақыт Франция елінде сақталды.
Кельвин температуралық шкала
Абсолют Температура(термодинамикалық температура) – абсолют нөлден бастап есептелетін температура (T). Абсолют температура ұғымын ағылшын физигі У. Томсон (Кельвин) 1848 жылы енгізген. Осыған байланысты Абсолют Температура шкаласын Кельвин немесе термодинамикалық температуралық шкала деп атайды. Абсолют Температура Кельвинмен (К) өлшенеді. Абсолют Температураның Цельсий шкаласы (tоC) бойынша өлшенетін температураға қатынасы t = Т — 273,15 К теңдеуімен анықталады Кельвин шкаласы бойынша абсолют нөл температурадан басталып келетін температура. Абсолют температураның бір Кельвин (К), мәні Цельсий (I) ' 273,16 С қатынасымен байланысты.
Судың қайнау температурасы 373 К, мұздың еру температурасы 273К. Цельсийден Кельвинге ауыстыру формуласы Т= t °C + 273,15.
Есеп шығару үлгісі.
Суретте көрсетілген термометрдің:
бөлік құны –
температураның көрсеткіші -
Цельсий шкаласындағы шаманың Кельвин шкаласындағы көрсеткіші –
Цельсий шкаласындағы шаманың Фарангейт шкаласындағы көрсеткіші -
Дескрипторлар:
Термометрдің бөлік құнын анықтай алады;
Сурет бойынша термометр көрсеткішін анықтай алады;
Алынған шаманы Кельвинге өрнектей алады;
Алынған шаманы Фарангейтке өрнектей алады.
Тапсырмалар
Дені сау адам денесінің абсолют температурасы неге тең?
Арктиканы зерттеушілер неліктен сынапты термометрді емес, спиртті термометрді таңдап алатынын түсіндіріңдер.
Неліктен бөлме температурасында медициналық термометрдің құтысы сынаппен толық толтырылмағанын түсіндіріңдер.
Дескрипторлар:
Термометр түрлерін ажырата алады;
Термометрдің түрлерін ажырата алады;
Термометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіре алады;
Алынған шаманы Кельвинге өрнектей алады.
https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=yVLbOR7jwkKAg3U1W3KN4x6ZjrIbQ21JhWT2H3iKU39UNjNVWUlLRVFEUTc5OTdKSTA1R1BVM1QyVC4u
Есептер шығару
Дене температурасы 250С-тан 750С-қа дейін артса, онда оның бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы неше есе өзгереді?
Абсалюттік шкала бойынша дене температурасы 20К. Цельсий шкаласы бойынша дене температурасы неге тең?
Цельсий шкаласы бойынша температура-730С. Абсолюттік шкала бойынша осы температура неге тең?
4К, 313К және 250К температураларын Цельсий шкаласымен өрнекте.
Дескрипторлар:
Температураның ерекшелігін айқындай алады;
Температураның шкалаларының шамаларын өрнектеу формулаларын қолдана алады;
Температураны Цельсийден Кельвинге өрнектей алады.
Үй жұмысы:
Ғарыш пен Жердегі температура туралы қызықты деректерге презентация жасаңыз.
Глоссарийдегі анықтамаларды дәптеріңізге жазып алыңыз.
Қызықты деректер
Рефлексия «Сөйлемді аяқта»
Бүгін мен білдім…
Қызықты болды…
Мен иелендім…
Мені таңқалдырды…
Өмір үшін сабақ маған берді…
Мен қаладым …
https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=yVLbOR7jwkKAg3U1W3KN4x6ZjrIbQ21JhWT2H3iKU39UNk8yWllEQ1QwS01LQVBIVFVRVTZPTlg0Qi4u
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023