![]() |
|
![]() |
Температура. Температураны өлшеу. Температуралық шкалалар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
| ТАНЫСТЫ ӘБ жетекшісі: ____________________ « »______20__ж. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 8.1А: Жылу физикасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Температура. Температураны өлшеу. Температуралық шкалалар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты | 8.3.1.3 - температураны әр түрлі температуралық шкалада ұсыну (Кельвин, Цельсий); 8.3.1.4 - жылулық ұлғаюдың негізінде температураны өлшеуді сипаттау; 8.3.1.5 - жылулық тепе-теңдкті сипаттау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Термометрмен жұмыс кезінде температура өзгерісін жылулық ұлғаю принципі арқылы ауызша түсіндіре алады және әртүрлі тәсілдермен температураны өлшейді. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Біз сұйық затты қыздырғанда оның көлемі ұлғаятындығын бақыладық. Біз қатты затты қыздырғанда ұлғаятынын анықтадық. Үш түрлі сұйықты бірдей уақытқа қыздырғанда сұйық көлемдерінің ұлғаюын салыстырдық. Денені қыздырғанда дене көлемі температураға байланысты ... Эксперимент нәтижесі бойынша қысым температураға ..... тәуелді. Біз солтүстік аймақта спиртті термометрді ғана қолданатынын түсіндік, ... Молекулалар қозғалысы, көлемнің ұлғаюы туралы білімдерімізді толықтырдық. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушылардың белсенділігін арттыру; Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау; Коммуникативтік дағдысын жетілдіру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | Әртүрлі елдерде термометрдің көрсеткіштерін түсіне білу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Термометрдің жұмыс істеу принципін түсіну. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, биология | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | 7 сынып | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1сабақтың басы 1-3 мин | (W) Сәлемдесу, сабақта жоқтарды белгілеу. Миға шабуыл. «4 cурет, 1 сөз» ойыны арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсаттарын және критерийлерін анықтау. | 1 слайд 2 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-сабақтың орны 4-14 мин 15-18 мин | (W) Жаңа сабақтың түсіндірілуі. (ҰЖ)Оқушылар, сіздер күнделікті тұрмыста температура сөзін естідіңіз бе? (үйде, медицинада). Температура – дененің заттың қаншалықты қызғанын көрсетеді. Оның өлшем бірлігі градус Цельсий. Мысалы, адамның температурасы 36,6 градус Цельсий. Ең алдымен құрал деген сөзбен танысайық. Құрал деген не? Құрал – бізге белгілі бір ақпарат алуға көмектесетін денелер. Термометр – температураны объективті өлшейтін құрал. Термометрдің түрлері. Демонстрация. Сұйықтықтың жылулық ұлғаюы ( боялған сұйықтық пен колба, горелка, штатив). | 3 слайд 4 слайд Глоссарийде берілген 5 слайд 6 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 сабақтың соңы 19-20 мин | Рефлексия. Нәтижелерді талдау. | 7 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 сабақтың басы 1-2 мин | Сабақ тақырыбын, мақсаттарын және бағалау критерийлерін қайталау. | 8 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 сабақтың ортасы 3-10 мин 11-17 мин | (W) Термометрдің градуирлеуі. Термометрді градирлеу үшін 2 шектік нүкте алынады, оларға – мұздың еру температурасы (00С) және судың қайнау (1000С) жатады. Температура шкалалары туралы айту. (Цельсий, Фаренгейт, Реомер, Кельвин) Халықаралық Бірліктер Жүйесінде абсолют термодинамикалық температура шкаласы еңгіізілген- Кельвин шкаласы. Шектік нүктелері – абсолют нөл (0 К), шекті ең төмен температура, екінші шектік нүкте 273,15 К, бұл кезде су үш агрегаттық күйде бола алатын температура. Цельсий және Кельвин шкалалары арасындағы байланыс. Т=(t+273) K немесе t=(T-273)0C. (І/W) Сұйықтықтық термометр арқылы температураның мәнін алу алгоритмі:
Есеп шығару үлгісі. Суретте көрсетілген термометрдің: бөлік құны – 10С температураның көрсеткіші – 270С Цельсий шкаласындағы шаманың Кельвин шкаласындағы көрсеткіші – T(K)=270C+273=300 K. Цельсий шкаласындағы шаманың Фарангейт шкаласындағы көрсеткіші – T(F)=270C*9/5+32=80,6F. Дескрипторлар:
Тапсырмалар.
Дескрипторлар:
Есептер шығару.
Дескрипторлар:
| 9 слайд 10-12 слайдтар 13-15 cлайдтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 18-20 мин | Рефлексия «Сөйлемді аяқта»
| 16 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | Ғарыш пен Жердегі температуралары туралы қызықты деректер. | 15 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау | Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023