Музыка және қозғалыс. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім:Өнер

Сабақ: 4

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және қозғалыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату

3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық- шығармашылық

жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • түрлі би үзінділерін тыңдау арқылы музыканың жанры мен стилін ажыратып үйренеді;
  • әр түрлі стильдерде өздері би қимылдарын ойлап табады;
  • сыныппен бірге би сайысына қатысады

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтайды және ажыратады;
  • музыкалық шығармашылық жұмыстар жасайды;
  • қарапайым музыкалық- шығармашылық жұмыстарды шығарады;
  • импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Заманауи би

Флэш моб

Халық биі

Полонез

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыка мен би өнерінің өзара байланысы қандай?
  • Би қимылы нені білдіреді?
  • Би өнері бізге шығарманың көңіл-күйі мен мазмұнын жеткізе ала ма?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық би өнеріне деген құрметке тәрбиелеу.

Оқушылардың бойына өзге халықтардың биін үйрету арқылы әлемдік және мультимәдениет құндылықтарын дамыту

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері, Хореография.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта музыканың поэзиямен, бейнелеу өнері және мүсін өнерімен байланысын қарастырды, музыкалық шығармашылық жұмыстар жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

5 мин

5 мин

Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

7 мин

10 мин

Мұғалім сабақты тақырып ашу мақсатында флэшмобтан бастайды.

Өзі музыкаға сай оқушыларға бірнеше қимылдар көрсетеді, оқушылар қайталайды.

Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Бүгінгі сабақта біз:

-түрлі би үзінділерін тыңдау арқылы музыканың жанры мен стилін ажыратып үйренеміз;

-әр түрлі стильдерде би қимылдарын ойлап табамыз;

-сыныппен бірге би сайысына жасаймыз.

Сабағымыздың тақырыбы «Музыка және қозғалыс деп аталады»

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

Оқушылар үш түрлі би көреді

1 би - «Киіз басу» қазақ биі

2 би - «Модерн» заманауи би

Алғашқы модерн биі

3 би - «Полонез» классикалық би

Мұғалім әр би түріне сай теориялық түсініктеме беріп жаңа терминдермен таныстырады.

Хореография және полонез терминдері түсіндіріледі

 Хореография (грек. choreіa — би, grapho — жазамын) шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден (ежелгі мысырлықтар, римдіктер, т.б.) басталды. 15 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада би қимылдарын жазуға алғашқы талпыныстар (мысалы, Францияда балетмейстер П.Бошан) жасалды. Алғаш рет «Хореография» терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе («Хореография немесе би жазу өнері...» атты кітаптың авторы, 1700) енгізді.

 Полонез (польск. polonez, фр. polonaise, от фр. polonais — поляктыкі) — салтантты адымдау биі (торжественный танец шествие), орташа екпінде биленеді. Бұл жұптық би түрі үлкен іс шара, балл, мерекелердің басында биленетін. Полонез биленген мерекелер жоғарғы деңгейде өтіледі деп саналатын. Полонез биінде бишілер ережеге сай, гемотриялық фигура сызбасымен билейды. Бұл ереже өте көп бишілерге бір уақытта билеуге мүмкіндік беретін болған. Европалық классикалық би түрі. Бұл бидің музыкалық өлшемі - 3/4.

 Әрбір көрген биді оқушылар жеке отырып талдайды. Талдау үшін оқушыларға талдау парақтары беріледі.

Бейне материалды қарау кезінде берілген парақтарға музыканың көркемдеуші құралдарын анықтап жазыңыздар.

Жұмыс түрі - жеке жұмыс.

Би түрлері

Динамикасы

Екпіні

Сипаты

1 би - «Киіз басу» қазақ биі

2 би - «Модерн» заманауи би

Алғашқы модерн биі

3 би - «Полонез» классикалық биі

Қалыптастырушы бағалау.

Музыканы талдауды өзара бағалау.

Жұмыс түрі - жұптық жұмыс.

М.: Жұппен бірге жазған талдауларыңды талқылаңдар.

  • Талдауларың сәйкес пе?
  • Жұбыңның жазбаларымен келісесің бе? Неліктен?

2-тапсырма. Импровизация және орындау.

Сыныпты «Мозаика» әдісі арқылы 3 топқа бөлу.

Тапсырма: Суреттеріңде көрсетілген би түріне өз би қимылдарыңды ойлап табыңдар.

Би қимылдарын топпен бірге орындап көрсетіңдер.

Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі

Презентация.

Әр топ өз шығармашылық жұмысын орындап көрсетеді.

Орындау 2 кезеңнен тұрады.

1 кезең – әр топ өз қимылдарын көрсетеді, қалған топтар көрермен болады.

2 кезең – топ топ қиымлдарын қайтадан көрсетеді, ал сынып қайталау арқылы флеш мобқа қатысады.

Алашұлы тобының әні «Пай пай пай»

https://obrmos.ru/do_dance_obzor.html би түрлері

Қазақ биі «Киіз басу»

https://www.youtube.com/watch?v=ktGug1wCMJE

https://www.youtube.com/watch?v=mWUTAhsZmpo алғашқы модерн биі

https://www.youtube.com/watch?v=rST_Hrw_QS0 қазіргі кездегі модерн биі

Алғашқы модерн биі

https://www.youtube.com/watch?v=qaaWnYBrkxE Полонез

әр оқушыға музыканы талдауға арналған таратпа қағаз беріледі

топқа біріктіруге арналған суреттің қиықтары

таймер

Сабақтың соңы

5мин

Сынып орындауын мұғалім пікір білдіруі арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағалау ауызша түрде жүргізіледі. Сабақ қорытындысы.

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткізеді.

Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі

Мен түсінбедім

Менің сұрағым бар

Маған түсінікті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары биді меңгерген оқушыларға импровизация жасау кезінде, топты басқарып би қимылдарын үйрету тапсырылады.

Постерді критерий бойынша бағалау.

Музыкалық сахналық қойылымды сұрақ-жауап арқылы бағалау.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу