Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А бөлім: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Сабақтың түрі

Жаңа білімді үйрену

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары

Теңдеудің қасиеттерін қолданып, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді үйренеді

Бағалау критерийі

▪ Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;

▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі;

▪ Оқушылар есепті дұрыс шығарады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

санды теңдіктердің қасиеттерін тұжырымдайды;

  • теңдеулердің қасиеттерін айта алады;
  • сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;
  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;
  • модуль анықтамасын ауызша тұжырымдайды;

мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік құндылықтарын дамыту.

Бастапқы білім

Әріпті өрнектерді оқу және жаза білу; санды және әріпті өрнектердің мәндерін таба алады; амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу; теңдеулерді шеше алу; мәтін есептің берілгені бойынша әріпті өрнектерді құрастыра алу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 2минут

- Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу;

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Сабақтың жоспарымен таныстыру;

Сабақ мақсатын қою

3минут

Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау.

Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен мақсатқа жету критерийлерін талқылайды

Қосымша

Презентация

Сабақтың ортасы

Білімді жаңарту

5 минут

Ауызша тест тапсырмасы.

1) Теңдеу жазылған жолды таңдаңыз:

  • a) 48 – 4(5 – 2) = 36
  • b) 48 – 4(5 – х)
  • c) 48 – 4(х – 2) = 36
  • d) 48 – 4(5 – 2)

2) –2х = 24 теңдеуінің қандай сан түбірі болады?

  • a) 1 b) –16 c) –12 d)12

3) Төмендегі қай теңдеудің түбірі –2 саны болады? 

a) 3х – 4 = 12

  • b) х + 3 = 5
  • c) 5х + 2 = 8
  • d) 5 – х = 7

4)Ұқсас мүшелерді жинастырыңыз: 3а + 2а + 4а – 7а

  • a)2а + 2 b)2 c)2а d)4а

5)Теңдеулер мәндес пе?

–2(х - 4) = 4 және 2(х - 4) = –4

  • a)жоқ
  • b)білмеймін
  • c)ия
  • d)басқа жауап
  • Жауабы:
  • 1) а и с
  • 2) с
  • 3)d
  • 4)c
  • 5)c
  • Оқушылар тақтадағы дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.Тестің соңында оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап берулері ұсынылады

– Теңдеу дегеніміз не?

– Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

– Теңдеуді шешу дегеніміз не?

– Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

Қосымша

Презентация

Жаңа білімді меңгеру

10минут

Мақсат: жаңа білімдерді қолдануға үйрету және дағдыларды дамыту.

Мұғалім оқушыларға жұппен келесі тапсырмаларды ұсынады:

Тапсырма1

ах =b түрінде берілген теңдеуді таңдаңдар

  • -0,8x2 =48;
  • -1,2х=-3,6;
  • 5x2-3х=0;
  • 6у=2,4;
  • 3z=-9
  • Тапсырма 2. Мысалы

ах =b теңдеуін шешіңдер

2(8 – х) = 10

1) Теңдеудің екі жағында жақшаларды кеңейтіңіз

16 – 2х =10

2)–2х = 10 – 16

3)–2х = –6

4)Теңдеудің екі жағында бірдей санға бөліңіз

х = 3 

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасы беріледі. Шығару алгоритімі қарастырылады.

Анықтама

aх=b түріндегі теңдеу ( мұндағы х-айнымалы, а және b-қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Алгоритмі

1. Жақшаларды ашу.

2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек.

3.Ұқсас мүшелерді біріктіру керек.

4. Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін табу керек.

Оқушыларға теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін екенін анықтау ұсынылады. Схема түрінде көрстіледі.

Содан кейін мұғалім оқушылармен бірлесе отырып сызықтық теңдеулерді шешеді:

Тапсырма 3

  • 4(х + 7)= 3 - х;
  • 2х + 5= 2(х + 10);
  • 4(х + 3)= 2(х + 6) + 2х

Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Қосымша

Презентация

Сабақты бекіту

15минут

Мақсат: жаңа білімдерді қолдануға үйрету және дағдыларды дамыту.

Мұғалім оқушыларға жұппен келесі тапсырмаларды орындауды ұсынады:

Тапсырма 4.

  • 1) 4(х + 5) = 5(х + 4) – х
  • 2) 6х + 3 = 6(х + 5)
  • 3) 8х + 4 = 2х + 22
  • 4) –12n – 3 = 11n – 3

Жауабы:

1)кез келген сан

2)теңдеудің түбірі жоқ

3)х=3

4)x=0

Тапсырма 5

Ереже

Үлгі

Тапсырма

Теңдеуді шешу үшін:

1. Жақшаларды ашу.

2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек.

3.Ұқсас мүшелерді біріктіру керек.

4. Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін табу керек.

Теңдеуді шешу:

Шешімі:

  • Дескриптор

Оқу мақсаты

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Жақшаларды дұрыс ашады

Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына дұрыс жинақтайды

Ұқсас мүшелерді дұрыс біріктіреді

Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін дұрыс табады

Сабақтың соңы

5минут

Рефлексия

Мақсаты: сабақтың мақсаттарына жету деңгейін, оқытудың мақсаттарын, қиындықтарды анықтауды анықтайды.

Сабақты қорытындылау:

  • Сабақтың мақсаты қандай?
  • Анықтаңыз, сабақ мақсатына жеттіңіз бе?
  • Осы мақсатқа жетуге көмектескен құралдар мен әдістерді көрсетіңіз.
  • Егер болса, сабақта шешілмеген қиындықтарды атаңыз.

Топтағы оқушылар сұрақтарға жауаптарды талқылайды, ал топтың бір өкілі нәтижелерді жариялайды.

Оқу мақсаты

Білемін

Білдім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Оқушылар рефлексиялық картаны толтырып, мұғалімге талдауға жібереді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу