Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.13

таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін білу;
  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару

 

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін біледі;
  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді;
  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • қарама-қарсы сандар;
  • рационал сан;
  • бүтін сандар жиыны;
  • рационал сандар жиыны;
  • координаталық түзу;
  • санақ басы;
  • бірлік кесінді;
  • оң бағыт;
  • нүкте координатасы;
  • оң/теріс жарты ось;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • жазуын «а мен b-ның айырмасының модулі» деп оқимыз;
  • + жазуын «а саны мен b санының модульдерінің қосындысы» деп оқимыз;
  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;
  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.

 Құндылықтарды

  дарыту

Академиялық әділдік: басқа оқушының пікірі мен ойын құрметтеу; академиялық әділдік принциптерін сақтау; плагиатқа, дереккөздерін көрсетпестен ақпаратты көшіруге жол бермеу. Жұппен және жеке жұмыстандыру арқылы құндылықтарды дарыту

 Пәнаралық

  байланыстар

Рационал сандарға амалдар қолдану жаратылытану – математика бағытындағы пәндердің қолданбалы есептерін шығаруға мол мүмкіндік береді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақта арқылы тақырыптық тест тапсырмасын орындау мүмкіндігін жетілдіру.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

 Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 

 0 – 3 мин

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезені

Бірлескен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Алған білімдерін жүйелеу.

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін тұжырымдаңыз;
  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолдануға мысал келтіріңіз.

Ал, енді мына сурет бойынша есеп құрастырыңыз:

  • бұл сурет теріс рационал сандарды қосудың мысалы бола ала ма?
  • жоқ, дұрыс айтасыздар.
  • бұл біздің бүгінгі қарастыратын тақырыбымыздың мысалы болады.

 

 

 Қосымша 1

 

 Слайд 2

 Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 3 – 9 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 9 – 14 мин

 

 

 

 

 

 14 -24 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 24 – 26 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 26 - 28 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 28 – 30 мин

 

 

 

 

 

30 – 37 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37 – 38 мин

 Оқушылармен бірігіп бүгінгі сабақ тақырыбын ашу, оқу мақсатымен танысу, бағалау критерийлерін анықтау.

  • Жаңағы мысалымызға қайта оралайық:

Координатасы (-5) нүктесіндегі оң бағытта 8 бірлік кесіндіге жылжығанда қосындының мәнін кескіндейтін нүкте координатасы (3) болады.

-5 + 8 = 3.

Қосындының мәні болатын 3 санының таңбасы қосылғыш 8 – дің таңбасындай, ал модулі берілген сандардың айырмасына тең.

  • 2) Түсте ауаның температурасы +30С болды.

Кешке ауаның температурасы түскі температурадан 50С төмендеді. Кешке ауаның температурасы неше градус болды?

3 + (-5) = -2.

Кешке ауаның температурасы -20С болды.

Қосындының мәні болатын -2 санының таңбасы қосылғыш (-5) – тің таңбасындай, ал модулі берілген сандардың айырмасына тең.

Есіңе сақта!

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосу үшін:

  • Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайту керек;
  • Шыққан санның алдына модулі үлкен санның таңбасын қою керек.

Мысалдармен бекіту:

  • 0,6 + (-2) = -(2 – 0,6) = -1,4.

Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең. Мысалы:

Жұптық жұмыс ұйымдастыру

№1. Қосуды орындаңдар:

№2. Жай бөлшектерді қосыңдар:

№3. Мына теңсіздіктерден тура теңсіздіктерді теріп жазыңдар:

  • -10 + 3 < 0; 4) 2,4 – 5 < 0;
  • 6,5 – 2,5 > 0; 5) 1,5 – 8 > 0;
  • ; 6) 0,4 + (-1) < 0.

№4. Таңертең ауаның температурасы +80С болды. Түсте +40С-қа өзгерді. Кешкі ауаның температурасы түске қарағанда -30С –қа өзгерсе, түн ортасынды тағы да -20С –қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?

Дескриптор: Білім алушы:

  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін біледі;
  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығарады.

Жұптар арасында өзара бағалауды жүргізу.

Сергіту сәті

Әр есептің тұсындағы дөңгелекшеге жауап тұсындағы әріпті сәйкестердіріңіз, бұл нені білдіреді?

34

-13

-73

-95

-35

-30

2

Қ

Қ-С

С

Ж-С

Ж

К

К

Жауабы: Спектрдің жеті түсі (қызыл, қызылсары, сары, жасыл-сары, жасыл, көк, көгілдір).

Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Негізгі деңгей:

  • Есептеңіз:

а) 2,9 + (-7,4);

б) ;

в) + (-0,9) +.

2) – 11 ден 9 – ға дейінгі бүтін сандардың қосындысын табыңыз.

Дамытушылық деңгей:

  • Апта бойы бассейіндегі судың деңгейі 1,4 м;

-2,7 м; -0,6 м; 2,1 м; 0,2 м; -3,1 м; 0,9 м-ге өзгерді. Егер аптаның соңында судың деңгейі 2,5 м болса, апта басында қандай болды?

  • Жұлдызшаны тиісті «+» немесе «-» таңбасымен ауыстырыңыз:

а) *18,4 + (*5,9) = -12,5;

б) *86,4 + (*43,2) = 43,2;

в) *

Шығармашылық деңгей:

  • -37 санын:

а) бүтін сандардың қосындысы;

б) оң және теріс ондық бөлшектердің қосындысы;

в) оң дұрыс бөлшектің және теріс аралас санның қосындысы түрінде жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

- таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосып біледі;

- берілген аралықтығы бүтін сандардың қосындысын табады;

- * орнын «+» немесе «-» таңбасымен ауыстырады;

- -37 санын қосымша шарттары бойынша жазады.

«Карусель» әдісімен бағалау жүргізіледі.

Қосымша 2

Слайд 3 - 4

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 5

Қосымша 3

Слайд 6

Қосымша 4

Слайд 7

Қосымша 5

Слайд 8

 Сабақтың соңы

 

 38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін тұжырымдау;
  • таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесіне мысал келтіру.

Үйге тапсырма: № 476

Бос орынға теңдік тура болатындай санды қойыңдар:

1) + (-10) = -6; 4) + (-2,8) = -5;

2) -7,5 + = -6; 5) -3,4 + = -8;

3) + (-5,1) = -7 6) + (-1,75) = -3.

Рефлексия: «Пойыз»

Оқушы сабақтың әр бөліміндегі өзінің белсенділігіне сай фишканы вагондарға бекітеді.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 6

Слайд 9

 Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар беру. Сараланған тапсырмалар беру арқылы қабілеті жоғары оқушылардың өз білімін арттыру, қабілеті қарапайым оқушыны талпындыру.

Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу, көзге жаттығу орындау.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу