Кері пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Кері пропорционалдық тәуелділік»
Сабақтың мақсаты:
6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
- қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсінеді;
- кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі;
- кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасады. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы біледі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеру. Өздерін өзі тексереді.
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында қайталау сұрақтары қойылады.
Ой түрткі:
С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады?
С-2: Тура пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?
С-3: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер.
Тура пропорционалдықтың анықтамасын есептер шығаруда пайдалана білу үшін ауызша тапсырмалар беріледі.
Ауызша тапсырма:
- №1. 14 деталды дайындау үшін 16,8 кг металл қажет. Осындай 27 детал дайындау үшін неше килограмм метал қажет? Жауабы: 32,4 кг.
- №2. Жанармай станциясында 2 л бензин 1,6 кг, ал 5 л бензин қанша килограмм тартады? Жауабы: 4 кг.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай мысал қарастырайық.
Есеп: Тапсырманы 4жұмысшы 120 сағата орындайды. Осы тапсырманы 8,12,16 жұмысшы неше сағатта орындайды?
Шешуі: 1) Егер, тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды?
4*120 =480 сағ.
2) тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағ орындайтынын 480: 16 = 30 сағ екенін табамыз. Шамаларлың өзгерісін кестеге салайық
Жұмысшылар саны | 4 | 8 | 12 | 16 |
Орындалу уақыты | 120 | 60 | 40 | 30 |
Демек, берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше артса, жұмсалатын уақыттың сонша есе кемитінін көреміз.
- Осыдан келіп кері пропорционал шаманың анықтамасын тұжырымдаймыз.
• Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады.
• Егер екі шама кері пропорционал болса, бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері қатынасына тең болады.
Кері пропорционалдылықты әріптермен жазсақ,
х1 : х2 = у2 : у1 .
Мысалы, кері пропорционал шамалар:
- Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені;
- Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;
- Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.
Есеп: Мотоциклші өзен үстіндегі көпірден 10 м/с жылдамдықпен 54 секундта өтеді. Мотоциклші осы көпірден 12 м/с жылдамдықпен неше секундта өтеді?
Шешуі;
х – мотоциклшінің көпірден 12 м/с жылдамдықпен өту уақыты.
Есептің берілу шарты бойынша:
10 м/с --------- 54 с
12 м/с --------- х с
Есептің шарты бойынша кері пропорционал шамаларды пайдаланып, құрылған пропорция:
Бұдан х = (с). Жауабы: 45 с.
Бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру мақсатында жалпы сыныппен оқулық бойынша деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
Жалпы сыныппен жұмыс.
А деңгейі
№141. Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 6 см. Осы тік төртбұрыштың ауданы өзгермегенде:
- Ұзындығы 16 см болса, ені неше сантиметр болады;
- Ені 4 см болса, ұзындығы неше сантиметр болады?
Жауабы: 1) 3 см; 2) 12 см.
№142. Жылдамдығы 50 км/сағ жүк пойызы екі қала арасын 6 сағатта жүрді. Осы аралықты жолаушылар пойызы 75 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүреді? Жауабы:4 сағат.
В деңгейі
№148. Велосипедтің педальдармен бекітілген жетектеуші тісті дөңгелегінің 42 тісі бар, ал артқы доңғалағына бекітілген жетектелуші тісті дөңгелегінің 28 тісі бар.
- Егер велосипедтің жетектеуші тісті дөңгелегін 38 рет айналдырса, оның жетектелуші тісті дөңгелегі неше рет айналады;
- велосипедтің жетектеуші тісті дөңгелегі 45 рет айналдыру үшін, оның жетектеуші тісті дөңгелегін неше рет айналдыру керек?
Жауабы: 1) 57 рет; 2) 30 рет.
№151. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді? Жауабы: 120күн.
С деңгейі
№155. Бауыржан ақшасына әрқайсысының бағасы 120 теңгеден аквариуміне бірдей 9 балық сатып алады. Егер бір балықтың бағасы 25% -ке арзандатылса, бауыржан сол ақшасына неше балық сатып ала алады? Жауабы: 12 балық.
Сергіту сәті орындалады. Көзге жаттығу жұмысы жүргізіледі. Интернет ресурсы бойынша: https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE
Әрі қарай оқу мақсатын меңгеру және тілді дамыту мақсатында орысша жұптық жұмыс беріледі. Оқушыларға тапсырманы жұптарға бере отырып, тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі тексереді.
Жұптық жұмыс
1 жұп
- Мотоцикл айдаушы 3 сағатта 60 км\ сағ жүріп өтті. 45 км\сағатпен неше сағатта осы жолды жүріп өтетінін тап.
Жауабы: 2,5
- 8 әшекей дайындау үшін 1,2 г күміс қажет. 12 әшекей дайындау үшін неше грамм күміс қажет?
Жауабы: 1,8
2 жұп
- 18 т темір кенінен 10 т темір шығады. 36 т кенінен неше тонн темір шығаруға болады?
Жауабы: 10
- 3 оқушы бақшаны 4 сағатта қазды. 2 оқушы бақшаны неше сағатта бітіреді?
Жауабы: 2
Сабақ соңында үйге тапсырмаберіледі. Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті.
№144-145.
Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіледі, әр оқушы өз ойларын бүгінгі мақсат бойынша ойларын ортаға салады.
1.Нені үйрендім?
2.Нені білгім келеді?
3.Нені түсінбедім?
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
- http://kid-mama.ru/otnosheniya-i-proporcii/pryamaya-i-obratnaya-proporcionalnaya-zavisimost/
- https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE
- http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/595144/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру