Үшбұрыш түрлері. Математика, 4 сынып, дидактикалық материал.
І топА) қабырғаларына қатысты
Олар:
1. қабырғаларының ұзындықтары әр түрлі болатын әр түрлі қабырғалы үшбұрыш;
2. екі қабырғасы тең болатын теңбүйірлі үшбұрыш ( өзара тең екі қабырғасы оның бүйір қабырғалары, ал үшіншісі – табаны деп аталады),
3. үш қабырғасы тең болатын теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады.
ІІ топ Ә) бұрыштарына қатысты
Олар:
үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты – үш топқа бөлінеді.
- үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш,
- Бір бұрышы доғал болатын доғал бұрышты үшбұрыш,
- Бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш.
ІІІ топ
Б) Үшбұрыштың элементтері
Олар:
Үшбұрыштың элементтері: А,В,С- төбелері, АВ,ВС,СА кесінділері – қабырғалары,
АВС, АВ мен ВС қабырғаларының арасындағы бұрыш,
ВСА, ВС мен СА қабырғаларының арасындағы бұрыш,
САВ, СА мен АВ қабырғаларының арасындағы бұрыш.
ІҮ топ
Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы- үшбұрыштың периметрі деп аталады.
Екі кесіндінің ұзындықтары мен екі бұрыштың градустық шамалары тең болатын үшбұрыш сызыңдар.Шыққан үшбұрыш қалай аталады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?