Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: 1.2 Сандармен операциялар жасау | Мектеп: 7 | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова А. | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||
Тақырыбы | Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері | |||||
Оқу мақсаты | 4.1.2.7 Екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту мен бөлуді орындау | |||||
Ғылыми тіл | Ауызша көбейту ауызша б бөлу | |||||
Құндылықтар | Өмір боы оқып үйрену | |||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 10,100,1000- ға қалдықпен бөлу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 7 минут 5 минут Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут | (Т) Кіріспе тапсырма. Сабақтың тақырыбын анықтауға итермелеу үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қою: «Мыңның көлеміндегі сандармен қандай амалдар орындай аласыңдар? Көптаңбалы сандармен қандай амал орындай аласыңдар?» Топтық жұмыс ұйымдастыру. Шағын топтарға «Сабаққа дайындық» бөлімінде сипатталған кеспеқағаздарды тарату: «Осы төртбұрыштың ауданын табу керек. Ол үшін не істеу керек? (1243-ті 2-ге көбейту керек). Бірақ біз осындай көбейтуді білеміз бе? Ауданды есептеудің басқа жолы/тәсілі бар ма?» Оқушыларға тіктөртбұрышты ауданын есептеуге ыңғайлы түрде 4 бөлікке бөлуді сұрау. (1243 см ұзындығын 1000 см, 200 см, 40 см, 3 см түрінде 4 бөлікке бөлшектеу). 1243 санын осылай жіктеуді қалай атауға болады? (Санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу). Енді фигураның ауданын табуға бола ма? Қалай есептеген тиімді? (1000 · 2 + 200 *2 + 40 · 2 + 3 · 2 = 2486 см2)» Тақтаға жазып көрсету Бағалау. Басбармақ арқылы бағалау. (Ө) Разрядтық қосылғыштар. Оқушыларды тақтаға шығарып, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді тапсыру. Қалған оқушылар дәптерінде орындап, тексереді. Жауабы: а) 1648 = 1000 + 600 + 40 + 8; ә) 2837 = 2000 + 800 +30 + 7; б) 32417 = 30000 + 2000 + 400 + 10 + 7; в) 40583 =40000 + 500 + 80 + 3; г) 548 092 = 500 000 + 40000 + 8000+ 90 + 2; ғ) 349 705 = 300 000 + 40000 + 9000 + 700 + 5. Шапалақ арқылы бағалау. Кімнің жауабы дұрыс болса, сол кезде қол шапалақтау. (Ж ) Көбейтуді орында. Тапсырма ауызша көбейту тәсілін қолданып есептеуге берілген. Жұп болып орындауды ұйымдастыру. Оқушылардың түсіндіріп шығаруын қадағалау. Бірнеше жұптың жауабын тыңдап, бағалау. Жауабы: а) 4592 · 5 = 4000 · 5 + 500 · 5 + 90 · 5 + 2 · 5 = 20000+ 2500 + 450 + 10 = 22960; ә) 9521 · 2 = 19042; б) 23824· 4 = 95296; в) 71353 · 6 = 428 118; г) 123 382 · 3 = 370146; ғ) 232 574 · 2 = 465 148. Өзара бағалау. Оқушылар жұлдызшалар беру арқылы бірін- бірі бағалайды ( Ж ) Бөлуді орында. Оқушылар жұптық жұмысты жалғастыру Нәтижелерін түсіндіруді сұрау. Жауабы: а) 4628 : 2 = 4000 : 4 + 600 : 2 + 20 : 2 + 8 : 2 = 2000+ 300 + 10 + 4 = 2314; ә) 8848 : 4 = 2212; б) 36693 : 3 =12231; в) 88088 : 8 = 11011; г) 550 150 : 5 = 110 030; ғ)488 440 : 4 = 122 110. Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» мадақтау сөздері арқылы ( Ө ) Амалдарды орында. Тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға беру. Соңында бірнеше оқушыдан мысалдарды кезекпен түсіндіруді сұрау. Оқушылардың айтылым дағдысын бағалаңыз, олар өрнектің мәнін есептеу алгоритмін математикалық терминдерді қолданып түсінікті түрде айтуын қадағалау. Жауабы: а) (45000 + 2700 + 9000) : 9 = 5000 + 300 + 1000 =6300; ә) (560 + 16000 + 8000) : 8 = 70 + 2000 + 1000 = 3070; б) (20000 + 1000 + 400) · 2 = 40000 + 2000 + 800 =42800; в) (25000 + 1000 + 500) : 5 = 5000 + 200 + 100 = 5300; г) (24000 + 2400 + 240 + 24) : 6 = 4000 + 400 + 40 +4 = 4444; ғ) (63000 + 35000 + 1400) : 7 = 9000 + 5000 + 200 =14200. | Кеспеқағаздар, шағын топтардың санына байланысты; Белгі беретін жасыл және қызыл түсті кеспеқағаздар, оқушылардың санына байланысты 3- слайд 4 - 5 слайд 6 - 7 слайд 8 – 9 слайд 10 – 11 слайд | ||||
5 минут Сабақтың соңы 5 минут 3 минут | (Ұ) Көбейту кестесін қолдан. Тапсырманы сынып болып орындауды ұйымдастыру. Сұраңыз: «Неліктен берілген мысалдарда көбейту мен бөлуді ауызша орындау өте оңай?» Жауабы: а) 5000 · 4 = 20000; ә) 3000 · 9 = 27000; б) 2000 · 8 = 16000; в) 7 · 4000 = 28000; г) 3 · 8000 = 24000; ғ) 6 · 7000 = 42000; д) 63000 : 7 = 9000; е) 56000 : 8 = 7000; ж) 45000 : 9 = 5000; з) 28000 : 4 = 7000; и) 21000 : 3 = 7000; ( Ж ) Алтыншаштың көйлегі. Тапсырманы жұпта орындау. Параққа есептің шартын қысқаша жазба түрінде жазуды сұрау. Сұрақ қойыңыз: «Алтыншаштың көйлегіне барлығы неше моншақ қадалды? Олардың неше бөлігі алмаз моншақтар? Жақұттан жасалған мон- шақтың саны қанша? Меруерт моншақтар туралы не белгілі? Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?» Тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беру. Бірнеше жұпты тақтаға шығаруға болады. Есептің қысқаша жазылуын талқылау. Оқушылардың жазған нұсқаларын салыстыру. Жұптарға өздерінің жұмысын бағалауды ұсыну. Жауабы: 2464: 4 = 616 (моншақ) – алмаз моншақ; 2464: 8 = 308 (моншақ) – жақұт моншақ; 2464 – 616 – 308 = 1540 (моншақ) – меруерт моншақ. Бағалау. Смайлик арқылы бір-бірін бағалау (Т) Шығарып көр. Шағын топтарға есептің шартын сызба арқылы жазуды тапсыру. Сұрақ қою: «Неше күріш дәні болды? Бидай туралы не белгілі? Үйіндідегі қарақұмық дәнінің санын қалай білуге болады? Есепті шығаруға уақыт беру және шағын топтардың жұмыс істеу барысын бақылау. Соңында сыныпта әрбір топтың жауабын тыңдап, бағалау. Оқушылардан өздерінің топтық жұмысын бағалауын сұраңыз. Жауабы: 12584: 4 = 3146 (дән) бидай; 19856 – (12584 + 3146) = 4126 (дән) қарақұмық. Бағалау. Екі жұлдыз бір тілек (Ж) Ойлан. Жұптардың арасында жарыс ұйымдастыру Есепті теңдеу құрып шығарған ыңғайлы болатынын түсіндіру. Алғашқы болып жауабын тапқан жұптар жеңімпаз болып саналатынын айту. Жауабы: х + 2х = 3960; х = 1320 (г) – бірінші қалтада; 1320 · 2 = 2640 (г) – екінші қалтада. Бағалау. Қол шапалақау арқылы бағалау Кері байланыс. Оқушыларға белгі беретін кеспеқағаздардың көмегімен ойын ойнауды ұсыну. Осыны орындай алатын оқушылар жасыл белгіні көтеріп белгі беру: Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктей аламын; Әрбір қосылғышты бір таңбалы санға көбейтуді орындай аламын; Әрбір қосылғышты бір таңбалы санға бөлуді орындай аламын; Көбейту және бөлу нәтижесінде шыққан сандарды қосуды орындай аламын. | 12- слайд 13 – 14 слайд 15 – 16 слайд 17 - 18 слайд 19- слайд | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру