Симметриялы және симметриялы емес фигуралар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Аудан. Шамалар

Тақырыбы: Симметриялы және симметриялы емес фигуралар

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.1.1 симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

Сабаққа қажетті ресурстар: Әрбір топқа:қағаздан жасалған геометриялық фигуралардың жинағы: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, ромб, теңбүйірлі трапеция, параллелограмм; «Лего» конструкторы.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Көптеген фигуралар түзуге қатысты симметриялы. Мұндай фигураларда фигураның басқа нүктелеріне қарағанда сәйкесінше симметриялы болатын нүктелерге ие болатын түзу (симметрия осьін) жүргізуге болады. Яғни, егер мұндай фигураны

симметрия осьі бойынша «бүктесе», онда бүгілген жартылары толығымен беттеседі. Басқаша айтқанда, мұндай фигуралар симметриялы оське ие болады. Оқушыларды симметрия шарттарымен таныстырыңыз: симметриялы нүктелер арасындағы сим-метрия осьіне дейінгі арақашықтық бірдей; симметриялы нүктелерді қосатын кесінді симметрия осьін тік бұрышпен қияды. Сондай-ақ симметрия осьіне қатысты симметриялы фигураларды құрастыруды үйретуге болады.Егер екі фигураны осы түзу бойынша бүктегенде, олар сәйкесінше беттессе оларды симметриялы деп124атайды. Мысалы: симметрия осьіне қатысты берілген үшбұрышқа симметриялы үшбұрышты салу керек болсын. Үшбұрыштың әр төбесінен симметрия осьіне перпендикуляр түсіреміз. Кейін осы перпендикулярлардың жалғасы ретінде үшбұрыш төбелерінен симметрия осьіне дейінгі арақашықтыққа тең кесінділерді саламыз. Осы кесінділерді қосамыз. Пайда болған үшбұрыш симметрия осьіне қатысты берілген үшбұрышқа симметриялы болады, яғни егер сызбаны симметрия осьі бойынша бүктесе,

үшбұрыштың төбелері беттеседі, ал үшбұрыштар сәйкесінше беттеседі.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушыларға фигуралар салынған бүктелген қағаздар таратылады. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Музыка ойнағанда сағат тілінің бағытымен қағаздарын алмасады. Музыка тоқтағанда қолындағы фигураға сәйкес топқа бірігеді.

1-топ Шаршылар

2-топ Дөңгелектер

3-топ Үшбұрыштар

4-топ Көпбұрыштар

Әр топ өз атауына сәйкес фигура туралы не білетінін тізбектей айтып шығады. Симметрияға қатысты сөйлеммен аяқтау ұсыныңыз.

-Шаршының төрт қабырғасы бар. Шаршының бұрыштары тік. Барлық қабырғасы тең. Шаршы жазық фигура... Шаршының 4 симметрия осі бар.

Ұжымдық жұмыс

Тақтаға тапсырма жазылған суретті іліңіз.Оқушылардан осы сурет бойынша қандай фигураларды байқап тұрғанын сұраңыз. Нүктелердің де симметриялы болатынын түсіндіру. А нүк-тесі мен В нүктесі симметриялы.

  • Екеуі де О нүктесінен бірдей қашықтықта орналасқан.
  • l түзуімен тік бұрыш жасап қиылысады. l түзуі симметрия осі саналады.

Нүктелер және басқа да жазық фигуралар симметриялы болу үшін осы 2 шарт орындалуы тиіс деген қорытынды жасайды.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы» т.с.с

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған қима қағаз таратып беріңіз.Оқушылар топта талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.Қалған оқушылар салыстыра отырып тексереді.

Жауабы: Симметрияның екі шарты да сақталғандықтан, нүктелер симметриялы.

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз.

-5; -4; -3

Айна

(Ж.Ж)Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған қима қағаз тартып беру. Алдын ала үйден алып келген айна таратып беру. Оқушылар алдымен жеке, содан кейін жұптасып ортақ шешімге келеді. Бірнеше жұптың жұмысын тексеру. Қалған жұптар өз жұмыстарын тексеру үшін қолдарына айнаны алып, салыстыра отырып тексереді.

- Әріптің айнадағы көрінісі Б әрпіне симметриялы болады.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

«12 орындық» ойыны

(Ұ.Ж) Ойын шарты бойына оқушылар12 орындықты бөлменің әр қабырғасына төртеу-төртеуден орналастыру керек. Оқушылар12 орындықтың суреттерін таратып беру.Оны магнитті тақтаға орналастыру. Оқушыларға симметрия шарттарының сақталуына мән беру керектігі ескерту. Бұл ойын арқылы оқушылар симметриялы жазық фигураларды өз бетімен жасай алуды үйренеді. Қай оқушынын табатынына бақылау жүргізу.

Дайын сызба арқылы салыстыра отырып тексеру.

«Үш шапалақ» арқылы бағалау жүргізу

(Ұ.Ж)Оқушыларға суреттерді демонстрациялау. Оқушылар суреттерден симметрия бар-жоғын анықтайды және дәлелдейді.

Жауабы:

Көбелек, қолшатыр, жапырақ

- Симметрия бар, өйткені симметрияның екі шарты да орындалған.

Алмұрт, крушка, үй

- Симметрия жоқ, өйткені симметрияның екі шарты орындалмаған.

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», «Тағы да жаттық» т.с.с

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырма таратып беру. Тапсырманы жеке орындайды.

Жауабы:

Сол жақтағы фигураларды оң жаққа симметрияны сақтай отырып көшіріп салады.

*Қабілеті төмен оқушылар үшін

Берілген суреттердің симметрия осін қызыл қарындашпен салады

* Қабілеті жоғары оқушылар үшін

Суреттің айнадағы көрінісін симметрия заңдылықтарын сақтай отырып салады.

«Смайлик» арқылы бағалау

Рефлексия

  • Симметрия біздің өмірімізде не үшін қажет?
  • Нүктелердің симметриясын қалай анықтаймыз?
  • Кітаптағы жазуды айнаға қарап оқуға бола ма?

«Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды

«Қызыл»-Қиын болды.

«Сары» -Түсіндім, бірақ...

«Жасыл» - Оңай болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу