![]() |
|
![]() |
Өткенді қайталау, жетістікті бақылау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 2С- Кестеден тыс көбейту және бөлу
80- сабақ. Тақырыбы: Тест
Оқу мақсаты: Көбейту кестесін біледі, Шамалар арасында байланысты орнататын формуланы теңдік ретінде қолдануды түсінеді, Бір немесе екі амалдан тұратын өрнектерді жазады, оқиды, құрастырады. 2-3 амалмен берілген шамалар арасындағы байланысты шешіп, талдайды, Жанама сұрақтармен берілген есептерді құрастырады, амалдардың орындалу ретінің дұрыс көрсетілгендігін және орындалғандығын тексере алады.
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдтар, тест тапсырмалары жазылған карточкалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Өрнектің мәнін табуда өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі қатаң сақталады. Оқушылар әртүрлі есептерді сызбаны немесе қысқаша жазуды қолданып шығаруды қайталайды, шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдай білуді бекітеді.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Қане тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық-
деп математикадан тарау бойынша алған білімдерің қаншалықты екендігін және өз жетістігіңді білу байқау үшін тест тапсырмасын орындаймыз.
Кел, балалар, келіңдер,
Орындайық ойланып.
Ойланамыз деп және,
Уақыттан да қалмайық.
Берілген тест тапсырмалары кестеден тыс көбейту мен бөлу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар таратылған тест тапсырмаларын мұқият оқып, есептейді және оны дұрыс жауабын айналдыра қоршайды.
Тест тапсырмалары
1.Амалдарды орында: (40+ 9) : 7=
а) 12 ә) 7 б)13
Берілген мысал қосындыны санға көбейту және бөлу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Екі санның айырмасын табады, айырманың мәнін санға бөледі.
2. 6 санын 4 есе арттыр
а) 15 ә) 21 б)24
Санды 6 есе арттыру (есе кеміту) деген – санды 6-ға көбейту (бөлу) дегенді білдіреді.
3. Жарысқа 21 қыз бала және 12 ұл бала қатысты. Олады теңдей 3 топқа бөлді.Жарысқа неше топ құрылды?
а) 10 топ ә)7 топ б) 11 топ
Берілген есеп қосындыны санға көбейту және бөлу дағдыл арын дамытуға бағытталған.
4.Қабырғалары және болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.
а) Р= ә) Р= б) Р=
-Периметр деген не? Оның мәнін қалай табатынын нақтылайды. Периметр – фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы екенін еске түсіру.
5.Бір орамда мата болды. Әр көйлекке мата жұмсалса,тігінші осы матадан неше көйлек тігеді?
а) 8 көйлек ә) 9 көйлек б) 7 көйлек
-Әр көйлекке 3 м мата жұмсалса, 27 м матадан қанша көйлек тігетінін табу үшін не істейміз?
-27-ні 3-ке бөлсек, неше көйлек тігілетіні белгілі болады.
6.Шаршының ауданы болса , қабырғасын тап.
а) ә) б)
-Шаршының ауданын қалай табамыз?
-Аудан белгілі болғанда шаршының қабырғаларының ұзындығын қалай табамыз?
7. 25 пен 15 –тің қосындысын 7-ге көбейтіндісін тап.
а) 28 ә) 280 б) 270
Берілген есеп қосындыны санға көбейту және бөлу дағдыл арын дамытуға бағытталған.
8. Қандай санды 5 есе арттырса 30 шығады?
а) 5 ә) 4 б) 6
9. Тік төртбұрыштың ұзындығы 1 дм ,ал ені одан 2 есе кем. Оның периметрін тап.
а) Р= 4дм ә)Р= 2 дм б)Р= 3 дм
10.Қалдықпен бөлуді орында: 21:5 =
а) 4 (қалд.1) ә) 4 (қалд.2) б) 5 (қалд.1)
11.Өрнекте : 2 дм = ? дм
а) 802дм ә) 82 дм б) 8 дм
12.Баланың бойы . Бұл неше сантиметр?
а) ә) 13 дм б)
13. Минутпен өрнекте:
2 сағ. 30 мин = мин
а) 230 мин ә) 150 мин б) 120 мин
14.Сағатпен өрнекте:
2 тәул. 5 сағ. = сағ
а) 48 сағ ә) 53 сағ б) 52 сағ
15.Теңдеуді шеш: Х: 2 = 6
а) 11 ә) 14 б)12
Белгісіз бөлінгішті табуға арналған тапсырма.
-Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?
-Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгіш пен бөліндіні көбейтеміз.
16.Тік төртбұрыштың ені ,ал ұзындығы одан 3 есе артық. Оның периметрін тап.
а) Р= ә) Р= б) Р=
17. Қуанышта 24 марка бар, ал Серікте 8 марка бар. Серікте Қуанышқа қарағанда маркасы неше есе аз?
а) 4 есе ә) 5 есе б) 3 есе
18. Сөреде 12 қуыршақ бар,бұл машиналарға қарағанда 3 есе артық.Сөреде неше машина бар?
а) 36 машина ә)15 машина б) 4 машина
19.Ойлаған санды 7- ге көбейткенде 28 шықты.Ойлаған санды тап.
а) 4 ә) 14 б) 8
20. Қораптың әрқайсысында 6 доптан болса, 4 қорапта қанша доп бар?
а) 25 доп ә) 24 доп б) 26 доп
Тест тапсырмасын жинап алып тексеріңіз.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріңіз.Ұпай санын жинап «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалаңыз.
16-20 -- 81-100 % - пайыз көрсеткен оқушылар жоғары баспалдақта тұр.
13-15 – 61-80 % - пайыз көрсеткен оқушылар ортаңғы баспалдақта тұр.
9-12 -- 60-41% пайыз көрсеткен оқушылар төменгі баспалдақта тұр.
Оқушылар алған пайыз көрсеткіштері арқылы өз білім деңгейлерін сараптайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру