Интерьер заттары және жиһаздардың өндірілуі. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 А Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандр саны:

Сабақтың тақырыбы

Интерьер заттары және жиһаздардың өндірілуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.2 әртүрлі өнеркәсіпте технологиялық және өндірістік үдерістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету

9.1.4.2 пайданы (табысты) анықтау мақсатында түрлі тауарларды өткізу нарығын талдау

 Сабақ мақсаттары

• Жиһазды дайындаудың технологиялық үдерістері туралы білімдері мен түсінігін көрсету.

Нарықтағы балалар жиһаздарын талдау, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу.

Бағалау критерийлері

- Жиһазды дайындаудың технологиялық үдерістері туралы біледі.

- Нарықтағы балалар жиһаздарын талдайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Белгілі бір (мысалы, балалар жиһазы) тауардың нарықтағы алатын орны туралы түсіндіреді;

Тұтынушылардың қажеттілігін анықтап, нарықтағы тауарларға (мысалы, балалар жиһазы) талдау жұмыстарын орындай алады.

Пәндік тіл және терминология:

Ағаш, ДСП, ЛДСП, МДФ, пластик және т.б

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

Мен нарықтағы балалар жиһазын зерттеген себебім...

Мен бұл жиһазды таңдадым, себебі...

Технологиялық құжат .... үшін қажет

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Қазақстанда тұратын басқада ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу. Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.

 Пәнаралық байланыстар

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Сәндік қолданбалы өнер соның ішінде жихаздың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Сәулет өнерінің қазіргі заманғы стильдерінің ерекшеліктерін, Қазақстан мен әлемдік сәулет өнерінің түрлерін біледі. Макеттің дайындамаларына, бөлшектеріне өңдеу және құрастыру жұмыстарын орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Интерактив тақтасында сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіледі.

Жиһаздардың технологиялық жасалу үдерісін қарастыру.

Талқылау жұмыстарын орындау үшін «жиһазды дайындау үдерісі» атты бейнебаянды көрсту.

Жиһазды дайындау үдерісі:

https://www.youtube.com/watch?v=7GMsyVpU8w8

Сабақтың ортасы

Талдауға арналған сұрақтар:

Жиһазды дайындау қандай технологиялық үдерістерден басталады?

Жиһазды дайындауға қандай материалдар қолданады?

Жиһазды дайындау үшін қандай құралдарды қолданады?

Жиһаздың негізгі элементтерін атай аласыздарма?

Жиһазды дайындау үдерісінің реттілігі қандай?

Жиһаздың түрі және функционалды мақсаттарын атаңыз.

Жиһаздың атқаратын қызметі және көрінісі (трансформаланатын) қандай?

Олар қалай және қандай мақсатта орындалған?

Оқушылар жұпта/топта жиһаз туралы алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, жиһаздың дайындалу технологиясын өз беттерінше зерттеу жұмыстарын орындайды. Олар ғаламтор ресурстары немесе басқада дереккөздеріне сүйенеді.

Оқушылар өз зерттеу жұмыстарымен бөліседі. Өздерінің зертету жұмыстарын жазбаша, постер немесе презентация түрінде ұсына алады.

«Картоннан жиһаз дайындау» бейнебаянын көрсетіп, талқылау.

Талқылау сұрақтары:

Жасанды және ағаш материалдарынан кортонның ерекшелігі неде?

Картоннан жиһаз жасау технологиясы басқа материалдардан айырмашылығы қандай?

Постер арқылы картоннан жиһаз жасау технологиясы басқа материалдар (ағаш, ДСП, ЛДСП, МДФ, пластик және т.б.) айырмашылығын көрсету. Артықшылығы мен кемшіліктерін сиппаттау. Нарықтағы балалар жиһаздарын талдау, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу. Тауардың бағасын анықтау.

Тұтынушыларға сұрақ-жауап жүргізу үшін оқушылар жұпта отырып, балалар жиһазының қаншалықты қажеттілігін анықтау мақсатында сұрақтар анкетасын құрастырады.

Анкетаға арналған сұрақтар:

Балалар жиһазы қандай болу керек?

Балалар жиһазы қандай материалдардан дайындалу керек?

Балалар жиһазын пайдалануда қандай қауіпсіздік талаптарға сай болу керек?

Сіздің ойыңызша балалар жиһазының бағасы қанша болу керек? Анкета жауаптарын келесі жұпқа тексерту арқылы оқушылар ойын тексеру.

Жиһаздың өнеркәсіпте дайындалу технологиясы:

https://www.youtube.com/watch?v=E7ZSHJ-i7OM

Бизнес-идея үшін картоннан жиһаз дайындау:

https://www.youtube.com/watch?v=gSHgacBQmUc

Өнімнің шығының қалай есептеуге болады:

http://mirsovetov.ru/a/business-and-finance/finances/calculate-cost-production.html

Ас үй жиһазын бәсекелестерден қалай төмен бағаға есептеуге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=8d8Q2QX8p0Q

Сабақтың соңы

Оқушылар стикерлар арқылы бағалайды.

Ауызша түрде кері байланыс.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

.

Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

Сынып бағалауы.

Қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу