![]() |
|
![]() |
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
2 Бөлім. Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль
Оқу мақсаттары:
8.1.2.1 - Тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн ту-ындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, сонымен қатар ұлттық киімнің заманауи модельдері (этностиль) туралы түсінік қалыптастырады.
- Ұйымдастыру кезеңі:
Екінші тоқсандағы бірінші сабақ. Мұғалім оқушыларды нәтижелі жұмыс жасауға бағыттауы және оқу барысында ынталандыру үшін жұмысқа сай жағдай жасауы қажет.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Мұғалім қазақтың ұлттық киімдерінің (мысалы, бас киім, аяқ киім, сыртқы киімдер, аксессуарлар) әртүрлі фотосуреттерін алдын ала дайындауы, тақтаға немесе оқушылардың көруіне ыңғайлы кабинеттегі кез келген жерге, мысалы, қабырғаға, шкафқа, көрсетілім стендіне ілуі қажет. Бұл сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін қажет. Оқушылар өзіне қажетті фотосуретті қарау қажет болған жағдайда, сынып ішінде еркін жүруіне болады. Мұғалім тақтаға тақырып пен мақсатын жазады, оқушылар альбомдарына немесе жұмыс дәптерлеріне жазып алады. Егер мақсатын анықтау барысында қиындық туындаған жағдайда, мұғалімнің түзету жасауға көмектесуіне болады.
- Бірлескен әңгіме
Мұғалім алдын ала басқа да ұлттық киімдер бейнеленген фотосуреттерді дайындап, алдыңғы суреттердің қатарына іледі, оқушыларға суреттерді қарастыруды және келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
- Бұл фотосуреттерде не бейнеленген?
- Оларды не біріктіреді?
- Сипаттаңдар, олардың айырмашылығы неде?
- Ұсынылған киімдерден киімнің негізгі түрлерін анықтай аласыңдар ма?
- Ұлттық киімдердің қандай түрлерін немесе элементтерін білетіндеріңді айтып бере аласыңдар ма?
Оқушылардың жауап беру барысында бір бірімен ақылдасуына, ойлануларына, мұндай костюмдерді немесе оның суреттерін қайдан көргендері туралы өмірден мысал келтірулеріне болады, мысалы, қала музейінен, әлеуметтік желіден, қаладағы әртүрлі іс-шаралардан, танымал суретшілердің картиналарынан, біздің көшелерді, саябақтарды, алаңды безендіріп тұрған мүсіндік композициялардан және т.б. Оқушылар бұл жұмыстардың ерекшелігі неде екенін байқайды, бір бірінен айырмашылығын анықтайды. Сонымен қатар көрсетілген ұлттық киімдердің негізгі элементтерін атайды, киімнің әшекейленген сәндік өрнегіне сипаттама береді. Оқушылар қажеттілігіне қарай мұғаліммен бірге бірлескен әңгімені қорытындылайды.
- Ақпаратпен жұмыс
Алдағы жұмысты орындау үшін оқушылардың төртеуден топқа біріккені жөн. Ол үшін мұғалімнің алдын ала әртүрлі халықтардың ұлттық киімдері бейнеленген карточкалар дайындауы қажет. Оларды үстелге сырт жағын жоғары қаратып жайып қойып, оқушыларға таңдап алуды ұсынуға немесе әр оқушының үстеліне жеке қоюға болады.
Ары қарай – оқушыларға топта зерттейтін әртүрлі ұлттың ұлттық киімі туралы мәтіндік ақпаратты және өз зерттеулерінің нәтижелерін кестеге жазуды ұсыну қажет. Сабақтың тақырыбы бойынша алдағы жұмыс үшін кестенің жұмыс дәптерде немесе альбомда, жеке парақта орындалуы мүмкін. Оқушылар қалауына қарай, бұл ақпарат қажет болған жағдайда назар аударып қарауларына болады.
- Бірлескен әңгіме
Мұғалім оқушыларға топта сұрақтарды, әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің түсі мен пішінінде ұқсастық бар ма, сонымен қатар – қандай айырмашылықтың барын және неліктен екенін талқылауды ұсынады. Топтар өз жауаптарын басқа оқушыларға ауызша немесе жазбаша түрде түсіндіреді, қалауына қарай шағын графикалық сурет салуына да болады.
- Кестемен жұмыс. ҚБ арналған тапсырма
Бұл жұмыстың түрі кестеде берілген критериялар бойынша әртүрлі ұлттың ұлттық киімдерінің ерекшелігі мен ұқсастығын анықтау және білу үшін, топ оқушыларының кестемен талдамалы жұмыс жасауын жобалайды:
Ерекшелігі | Ұқсастығы | |
пішіні | ||
Түс гаммасы | ||
Ою-өрнегі |
Оқушылар өз жауаптарын өзге топтарға айтады. Сонымен қатар, сыныптастарының түсіндіру барысында, топта туындаған сұрақтарын қоюларына және қойылған сұраққа пікірлерін айтуларына болады.
- Әңгімеге шолу
Мұғалім алдын ала бағалау карточкасын дайындауы және топ оқушыларын екі пунктен тұратын, берілген тапсырманы бағалау түрімен алдын ала таныстыруы қажет:
- ? сұрақ қойыңдар;
- + ақпаратты толықтырыңдар.
Әңгімеге шолу барысында оқушылар мұғалімнің алдын ала дайындаған презентациясындағы ақпаратпен және этникалық стильдің қандай болатыны туралы танысатын болады және сұрақтарға жауап береді:
- Этностиль деген не?
- Этностильде заманауи киім дайындауға бола ма? Мысал келтіріңдер.
- Қандай отандық киім сән үлгісінің дизайнерлерін білесіңдер?
Оқушылар өздерінің қандай сән көрсетіліміне қатысқаны, қандай кеңінен таралған сәнді киімдер жиынтығын білетіні туралы әңгімелеулеріне болады. Қалаларда және әлем астаналарында бүкіл әлемге таралатын әртүрлі фестиваль, киімдердің сән көрсетілімі жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Оқушылар, қалауына қарай, бұл ақпаратпен сабақта да, сабақтан тыс уақытта да танысуына болады. Сонымен қатар мұғалім этностиль туралы шағын ақпарат және этностильдегі заманауи киімдердің фотосуреттері, мақала мен әртүрлі суреттерді дайындауы, көрсетуі қажет, сонымен қатар қазіргі қазақстан дизайнерлері, мысалы, «Құрақ көрпе» - сән студиясы, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнур Асанова, «Сымбат» сән студиясы және т.б. туралы әңгімелеуге болады. Мұғалім этностиль туралы өзі әңгімелемей-ақ, қажетті ақпарат бере отырып, суреттерді көрсету арқылы оқушыларды осы түсінікке жетелеуіне болады.
Стиль атауының гректің «этнос» - «халық» сөзінен шыққанына оқушылардың назарын аударуға болады. Біздің планетада өмір сүретін немесе бір кезде мекендеген әрбір халықтың міндетті түрде тарихта барлық ғаламшарда өркениеттік із қалдырып, отырған. Әрбір халықтың өз ережесі мен киіну, сәндену ерекшелігі және т.б. болады, сондықтан этностиль ертеден келе жатқан ең бай және алуан түрлі стильдердің бірі.
- ҚБ арналған тапсырма
Әр топ этностильдегі сәнді киімнің бір немесе бірнеше түрін таңдайды және бұл ақпаратты топтың әрбір қатысушысының белсенді қатысуы, сабақ тақырыбына сәйкес тайм-менеджменттің сақталуы ескерілетін, алдын ала талқыланған критериялар бойынша постер құрастыра отырып, басқа топқа ауызша немесе жазбаша таныстырады. Топтардың дайындаған постерлері келесі сабаққа қажет болуы мүмкін.
Берілген тапсырманы орындауға қажетті ақпарат:
Әрбір танымал сәнгерлердің этностильдегі жиынтығы болады.
Киім және аяқ киім
Этникалық стильдегі киімдердің түсі, фактурасы, ою-өрнектері және басқалары әртүрлі болады. Барлығы бұл киімнің қандай халыққа тиесілілігіне байланысты. Этникалық стильдің бірнеше негізгі бағыттарын атап кетуге болады.
Казақ стилі – формасы мен сызықтарының көркемділігі және киімнің әдемілігімен бірге үйлестіктегі қызметі, ыңғайлылығы, композициясының қарапайымдылығы және мақсаттылығымен ерекшеленеді. Қазақ сәнгерлерінің шығармашылығына тән ерекшеліктер – табиғат пен адамдардың бірлесуі, әлеммен өзара байланыс, тұтас және еркін бағытты символмен көрсету, ашық түсті гамма, бір қалыпты кескін және жеңіл силуэттер.
Мысыр (Египет) стилі
Түзу сызықты қарапайым пішімімен, геометриялық өрнектерімен (шеңбер, трапеция, үшбұрыш, тікбұрыш) сипатталады. Этникалық стильдегі көйлек баған тәрізді пішінді, күлтеленеді. Алтын (сары), ақ, көгілдір түстер басым болып келеді. Жарасымды аяқкиім түрі – сандал.
Грек стилі
Оны бойжеткен қыздар жиі киеді, пішімі кеуде тұсы тарылтылып, етегіне қарай кеңейтілген. Жеңіл, төгіліп тұратын мата стильді өте нәзік етіп көрсетеді. Мысыр стиліндегідей грек стилі үшін де ең жарасымды аяқ киім – сандал.
Үнді стилі
Кез келген киім түрі, белдемше, көйлек, шалбар немесе туника өте кең пішімді болып келеді. Ашық түстер, қызғылт-сары, үлпілдеген жеңіл маталар үнді стиліндегі жаздық киімге ыңғайлы нұсқа. Көп ярустылығы мен көп қабаттылығын да оның ерекше өзгешелігіне жатқызуға болады. Аяқ киім – жеңіл шлепка, не болмаса үлкен тастармен немесе моншақтармен әшекейленген былғары бауы бар босоножка.
Жапон стилі
Оның түп бейнесі – кимоно. Тік жағалы, қысқа немесе керісінше кең жеңді, жібектен тігілген, стиль негізін құрайтын өрнектері иероглиф түрінде болып келеді. Түсі үйлесімділігіне қарай өте ашық, немесе керісінше салмақтылық, байсалдылық. Бейнеге платформалы босоножка және сабо өте үйлесімді келеді.
Шығыс стилі
Ол ыстық ел мен жұмбақ шығыс әйелдері туралы сыр шертеді. Шығыс стиліндегі дәстүрлі киім ашық түсті және сөзсіз гүл түріндегі айқыш-ұйқыш өрнектермен әсемделген. Егер аяқ киімде бұл өрнектер ішінара қайталанса, жарасымды болады.
Орыс стилі
Оған «батыл», «асқақтау» теңеуі (епитет) үйлесімді. Бұл стиль күрделі өрнектерімен, ашық түсі, түстің қарама-қарсы (мысалы, қызыл мен ақ) үйлесімділігімен сипатталады. Ол әртүрлі табиғи материалдардан (мақта, шыт, зығыр, тері) тігіліп, пішімі кең болады.
Аксессуарлар
Аксессуарлар – стильдің бір элементі. Бейне этникалық стильде болуы үшін, кейде қарапайым киімді аксессуармен толықтыру жеткілікті. Сондай-ақ, киімді түрлі халықтарда әртүрлі аксессуарлар: өрнектелген білезік, былғары белдік, түрлі алқалар, тұмармен әшекейлеген. Этникалық аксессуарлар табиғи материалдардан: ағаш, сүйек, мыс, күміс және т.б. дайындалады.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023