алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Өз қолымызбен жасаймыз. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С - Бөлім: Салт-дәстүр және фольклор

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні, сынып: 2

«А» 06.03.2018 «В» 07.03.2018

Мұғалім аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өз қолымызбен жасаймыз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.3.3

Бұйымның сыртқы түрін жақсарту үшін өңдеудің қарапайым тәсілдерін және жабдықтарын пайдалану

 Сабақ мақсаттары

Өз қолдарымен қарапайым тәсілдер арқылы бұйымның сыртқы түрін жасайды.

Бағалау дескрипторлары

  • қарапайым әдістерді қолдана алады;
  • ыдыс жасай алады;
  • қауіпсіздік ережесін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Домалату, ширату, кесу, жапыру, ермексаз

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Мен өз ... жасау үшін ... қолдандым.
  • ... қазақтың ұлттық ... оюын қолдандым.

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады, шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақстан тарихы пәні мен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгенің шығармашылық жұмыста қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:

  • Өз қолдарымен қарапайым тәсілдер арқылы бұйымның сыртқы түрін жасайды.

АКТ- презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

18 минут

2 минут

4 минут

  •  Зерттеу жұмысы. Алдын ала дайындалған ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқты бірге кішігірім көрме ретінде орналастырамын. (Сабаққа ұлттық нақышта орындалған ыдыс-аяқ алып келу. Сыныпта кішігірім көрме ұйымдастыру. Көрмені ыдыс-аяқтармен қоса, фотосуреттермен де толықтыруға болады. Торсық, саба және т.б.)

Кері байланыс.

  • Көрмеде қойылған бұйымдар жайында не білесіздер?
  • Бұйымдардың пішіні, материалы мен оюларына қарандай?
  •  Мұғалімнің түсіндіруі: Қолдан жасалған ыдыстың ерекшелігі жайында айтып өту және қолмен жасалған ыдыс туралы бейнематериал көрсету қажет.
  • Практикалық жұмыс: жекеше жұмыс түрі.

 Балалар, бүгін сіздер өз ыдыс-аяқтарын жасайтын қолөнерші боласыздар.

Тапсырма. Ермексазды қолдана отырып ыдыс жасау керпексіздер.

 Ол үшін жұмыс үстелін дайындаңыздар. Материалдармен құрал-жабдықтарды дайындаңыздар. Ермексаз, тақтайша, стектер)

  •  Мастер- класс. Кесе ыдыс-аяғын жасаудың тәсілін көрсетемін. Ермексазды ширату тәсілі арқылы кесені жасап көрсету. Сыртына қарапайым қошқар мүйіз оюымен безендіремін.

 Ал енді балалар, ыдыс-аяқ жасауа кірісіңіздер. Ыдыстың беткі қабатын икемді ете түсіңіздер. Қажетті пішінге келтіріңіздер.

 Әсемдеудің тәсілін ұлттық нақышта орындаңыздар.

 Қауіпсіздік ережесі: Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін және жеке басының гигиенасын сақтау қажеттігін ескерту.

 Саралау: Сыныпты аралап, қолдау қажет оқушыларға көмек көрсетемін. Үздік жасалып жатқан оқушының жұмысын сыныптастарына көрсетіп, атап өтуге болады.

  • Таныстырылым:

Жұмыстарын аяқтаған соң, таныстыру сәтін ойластыру қажет. Идея, материал, ою-өрнек жайында айтып береді.

 Кері байланыс:

- Сіздер бүгін сабақта қандай жаңа қолөнер түрімен таныстыңыздар?- Қандай қиындықтар болды?- Сіз жұмысыңызға ризасыз ба?

АКТ- презентация

Ермексаз, тақтайша, сулық.

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия:

«Алма ағашы»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Саралау: Сыныпты аралап, қолдау қажет оқушыларға көмек көрсетемін. Үздік жасалып жатқан оқушының жұмысын сыныптастарына көрсетіп, атап өтуге болады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Қайшымен байқап жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Г.Г. Дюсенова


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы