Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Жеңіл атлетика

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
  • Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Үйрету мен жаттықтыру педагогикалық процестің бір бөлімі.

 Жеңіл атлетикада үйрету – бұл педагогикалық процес жеңіл атлетке керекті білімді жетілдіру жəне біліктілік дағдыны меңгеру. Бұл процес – белгілі бір мақсатқа жету үшін, арнаулы ұйымдастырылған. Ол педагог-жаттықтырушы мен қарым-қатынасты талап етеді, бір жағынан педагог-жаттықтырушы, екінші жағынан үйренуші. Үйрету процесі кезінде үйренуші арнаулы білім алады, педагог-жаттықтырушы оларды арнаулы сөздікпен таныстырады жəне жеңіл атлетика жаттығуларының үйрету ережесін жəне орындау тəсілін түсіндіреді. Сөйтіп, əрекет бағдарламасы белгіленіп, болашақ əрекеттің моделі құрастырылады. Үйретудің жетістігі көпіне студенттердің арнаулы біліміне ғана емес сонымен қатар қозғалысты білу дағдысына байланысты.Жеңіл атлетикада бір түрінің қозғалысын əдісімен дұрыс орындау үшін, оны толық меңгеру қажет жəне білікті дағдысын жинау үшін мүмкіншілік туғызу керек. Үйренушіде қозғалыс мүмкіншілігімен білім дағдысы қалыптасады

– бұл процесті тиімді деп санайды.

 Үйрету процесі кезінде студенттер қысқа уақыт ішінде терең жəне жан-жақты білім алу керек, болашақ педагогикалық өміріне байланысты арнаулы кəсіптік дайындығына керек.

 Жеңіл атлетика түрлерін меңгергенде қолданады: көрсету арқылы үйрету, істеп көру жəне қате арқылы үйрету, басқа кісі арқылы бағдарламалы үйрету, ішінде соңғы екі үйретуге көп көңіл бөлген жөн, бұлар бір-бірімен байланысты. Негізгі хабарламадан басқа үйренуші педагогтан тікелей қозғалысты орындағаны туралы қосымша хабар алады. (субьектілік) əдістік туғызуға байланысты (обьектілік)

 Жеңіл атлетика түрлерін үйрету кезінде көп жылдық жұмыстың қортындысында жалпы педагогикалық ережесін жасау, жеңіл атлетикалық жаттығуларды типтік үлгімен үйрету үш этаптан тұрады:

 1-ші этап. Мақсаты: жеңіл атлетика жаттығуларымен айналысшыларға осы жаттығудың əдісі туралы дұрыс ұғым құру.

 Амалы: 1. Жаттығудың негізгі ережелерін айтйп түсіндіру жəне жарыстың ережесіне орындау жағдайына байланысты.

      • Жарыстың ережесіне сай жаттығудың əдісін əдемілеп көрсету.

Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы.

 Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіруде сөреден шығудын маңызы зор. Спортшылар, əдетте жоғарғы сөрені пайдаланады.Кейбір жүгірушілер 800 метрге жүгіргенде төменгі сөрені пайдаланады.Жалпы жоғарғы сөреде тұру кезінде сөре сызығына күшті аяқты, ал екінші аяқты артқа қою керек. Дайын бол пəрменімен естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді. Жүгірістін басталуында қысқа қашықтыққа қарағанда кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады. Жүгірудің жеңілдігі, туралығы, аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде мүсінді жақсы ұстау-шапшандыққа жүгірудің де, төзімділікке жүгірудің де техникасын үйренгенде жұмыс істеуі керек ететін маңызды кезендер. Спортшы қозғалысының үнемділігі, эффектілігі, сол қозғалыста күш шығаруға сатылап бұлшық еттердің жұмыс істеуін жəне демалуын білу керек. Жүгірген кезде спортшының денесі алға еңкейеді 850-қа. Көп еңкейсе

адымның қысқаруына əкеліп соғады. Жылдамдықты өзгертсе дененің еңкейуіде өзгереді. Спринтерлік жүгіріске қарағанда орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде бұрышы ұштылау (500-550). Мынадай сатылардан тұрады: сөреден жүгіру, мəреден өту, бұрылыста жүгіру. Сөрелік екпіннің мақсаты аз уақыттың ішінде үлкен жылдамдық алу, еркін сілтейтін жүгіріске мүмкіндік туғызу, жылдамдықты пайдалану, жолда өзіне пайдалы қажетті жерді табу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде жылдамдықты туғызу үшін 30-40 метрлік қашықтық керек. Дем алу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде адам ағзасына оттегі қажеттігі өсеі.

Бұлшық еттерін босату немесе босап еркін жүгіру спортшыларда ең қиын жəне басты мақсат болып саналады. Əрбір жүгіруші өз қозғалысының əдісін жақсарту қажет, соның ішінде жүгіру арқылы келеді. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіру жоғары сөреден басталады. Содан кейін жүгірушілер бірінші жолға түсуге тырысады.

 800 немесе 1500 метрге жүгірудің, негізінен алғанда, 60 не 100, 200 метрлерге жүгірулерден тек аз жылдамдықпен жүгіру арқылы ғана, демек жеке үдемелете жүгірудің аз болатындығымен ғана айырмашылығы бар.

 Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азайады. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бір қалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бір қалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге жəне тыныс алуға аударған жөн.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақтың күні

Бүгін менің білгенім: ……

Қиындық туғызды: ……

Менде жақсы шықты: ….

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Бүгін мен білгенім: ……

Қиындық туғызды: ……

Менде жақсы шықты:

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Бүгін менің білгенім: ……

Қиындық туғызды: ……

Менде жақсы шықты: ……

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, жүгіру жолы, бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, рефлексия парағы.Жүгіру техникасы интернет ресурсының сілтемесі: http://fizkult-ura.ru/sci/legkay_atletika/6 Жаттығудың денеге әсері интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mdfRx6FNLxk&list=PLI-5x-YK2SVFXUwRw0E6PY8ZG6FIdCPX4Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу