![]() |
|
![]() |
Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 6 сабақ.
1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты:
6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау
Сабақтың тақырыбы:
Жүгіру секіру реттілігі
Сабақтың мақсаттары:
Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсетуБағалау критерийлері :
Алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді және олардың орындалуын көрсетеді.
Дескрипторлар:
Алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;
Алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды;
Жүгіру кезінде дұрыс тыныс алады;
Бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;
Қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды
Тілдік мақсаттар
Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.Мыналарды қамтиды: арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттерідене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасыағзаның энергетикалық жүйесіТалқылауға арналған сұрақтар:Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1 тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде алыс қашықтыққа жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі.Осы тапсырманың дескрипторлары:- Алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;- Алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды. Сұраңыз: Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Аяқ бұлшық еттерін қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер?2 тапсырма:(Т, Ж, ҚБ) Сынып күштері тең 3-4 топқа бөлінеді. Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушылар белгіленген қашықтықты жүгіріп өтуге тапсырма алады. Мұғалімнің белгісімен алда жүгіріп келе жатқан оқушы (көшбасшы) қарқынын бәсеңдетіп, барлық жүгірушілер тобын өткізіп (өзінің оң жағынан), жүгірушілердің соңына қосылады. Жаңа белгі бойынша тағы да көшбасшылар ауысады. Көшбасшылардың ауысу аралығын мұғалім өзі анықтап, оқушыларға хабарлайды.Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.Осы тапсырманың дескрипторлары:- Жүгіру кезінде дұрыс тыныс алады;- Бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;- Қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды.Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде дұрыс тыныс алу қаншалықты маңызды? Не себептен бірқалыпты жылдамдық ұсталынуы қажет? Қысқа қашықтықтарға жүгіру мен алыс қашықтықтарға жүгірудің айырмашылығы қандай?
Рефлексия
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.Үйге тапсырма:Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.Ресурстар:
Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, жалаушалар, мұғалім үшін ысқырық, бор, уақыт өлшегіш, рефлексия парағы.Жүгіру техникасы интернет ресурсының сілтемесі: http://fizkult-ura.ru/sci/legkay_atletika/6 Жүгіру кезінде қалай дұрыс тыныс алу және дұрыс жүгіру интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rVWrmN1FSkk&t=8s Жүгіру кезінде ағзада болатын өзгерістер интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=HzOjDb4wdb0 Арнайы дайындық жаттығулары интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2Назарларыңызға рахмет!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023