Судың кермектігі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Көкшетау қ ФМБ НЗМ | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10А/ 10В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Судың кермектігі | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.5 судын кермектілігі және оны жою амалдарын түсіндіру. 10.4.1.6 Қазақстанда сілтілік және сілтілікжер металдардың табиғи қосылыстарының таралуын білу. 10.2.2.1 массасын есептеу, реагентегі заттың мөлшері немесе өнімнің химиялық теңдеуі бойынша, металдардың және олардын қосылыстарының генетикалық байланысын көрсетілуі. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Сабақтың соңында оқушылар: судын кермектілігі және оны жою амалдарын айта алады сілтілік және сілтілікжер металдардың табиғи қосылыстарын айта алады масса, заттың мөлшерін есептей алады | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы мақсатына жетеді, егер: судын кермектілігі және оны жою амалдарын айта алса сілтілік және сілтілікжер металдардың табиғи қосылыстарын айта алса масса, заттың мөлшерін есептей алса | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Терминология: Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: . | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық, патриотизм | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География-кен орындары Математика-есептер шығару | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, Powerpoint презентациялары | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
5 минут | Стартер:Демонстрациялық жұмыс көрсетіледі, түрткі сұрақ арқылы жаңа сабақты ашады. Қайнаған су мен құбыр суына кір сабын салып әсерін оқушылар талдайды, және қайнаған суда сабын жақсы көпіршектенгенін байқағандарын айтады. Бұл кермек су немесе қатты су екенін айтып жаңа тақырыпқа көшеміз. Судың кермектілігі құрамында Са+ мен Мg+ иондарының бар болуынмен сипаталады. | Қайнаған су, Құбыр суы, кір сабын(хоз.мыло) | |||||||||||
15 минут | Судың кермектігі уақытша және тұрақты кермек болып бөлінеді. Суда Са(НСО3)2 және Mg(HCO3)2 гидрокарбонаттары болғанда уақытша кермектік болады. Сондықтан кейде оны карбонаттық кермектік деп атайды. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы (ерімейтін карбонаттар СаСО3 және MgCO3 қақ түрінде тұнады) жоюға болады: Төмендегі теңдеулерді оқушылар аяқтап, жеке жұмыс жасайды. Са(НСО3)2 = СаСО3↓ +СО2↑+ Н2О Бірақ судың көп мөлшерін техникада кайнату кымбатка түседі. Уакытша кермектікті қайнатудан баска, әк сүтін немесе соданы қосу аркылы жоюға болады: Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 →2СаСО3↓ + 2Н2О Mg(HCO3)2 + Na2CO3 →MgCO3↓+ 2NaHCO3 Егер табиғи судың құрамында кальций мен магнийдің басқа еритін түздарының (сульфаттар, хлоридтер, дигидрофосфаттар, ортофосфаттар, нитраттар) болса, судың турақты кермектігі болады немесе оны карбонатты емес деп те атайды. Тұрақты кермектік суды қайнату арқылы жойылмайды. бірақ әк суын немесе соданы қосканда барлық Саа+ жөне Mg2+ катиондары (уакытша және тұракты кер-мектік) СаСО3 және МgСО3 түрінде түнбаға түседі: CaSO4+ Na2 CO3 = CaCO3↓ + Na2SO4 Жалпы кермектікті жоюдың, ең жақсы реагенті натрий орто-фосфаты Na3PO4: 3Ca(HCO3)2 + 2Na3PO4 = Ca3(PO4)2↓+ 6NaHCO3 3MgSO4 + 2Na3PO4 =Mg 3(PO4)2 + 3Na2SO4 | Презентация, Интарактивті тақта | |||||||||||
10 минут | Қазақстанда сілтілік және сілтілікжер металдардың табиғи қосылыстарының кен орындары таралуы туралы берілетін сұрақтарға ақпарат жинау. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз(сілтілік және сілтілікжер металдар). Жергілікті жердің кен орындарынамен салыстыруға ерекше назар аудару керек. | Ноутбук, сұрақтар, картаның суреті | |||||||||||
7 минут | Тапқан мәліметтерін ортаға салып, қоргау. Екі спикер бір топтан, карталарын қорғайды. Басқа топтар айтылмаған ақпаратты қосады. Екі топтағы әр оқушыл бір-бірін түсті қағаздармен(жасыл-өте жақсы, сары-жақсы және қызыл-нашар) бағалайды. | Түсті қағаздар | |||||||||||
3 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | ||||||||||||
Сабақтын аяғы | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Оқушылардың көзіне жаттығу жасауы арқылы шаршамауды болдырмау. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма ? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндегі ахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неге? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?