Тұздар. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


« ТҰЗДАР ҚҰРАМЫ, ЖІТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

 Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға тұрмыстағы тұздар суреттері көрсетіледі. Оқушылар тұрмыстық заттар тұдар класына жататынын айқындағаннан кеййін, сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады. Оқушыларға тұздар формулалары жазылған үлестірмелерді таратыңыз және оларды құрамына қарап топтарға жіктеуді ұсыныңыз. Оқушылар жұпта ақылдаса отырып тұжырымдаманың тұздардың құрамына байлапнысты төрт топқа жіктейді. Оқушыларды жұптастыру мұғалім шеберлігіне байланысты (мысалы бұл тапсыраманы орындау үшін А деңгейлі оқушымен С деңгейлі оқушыны жұптастыру тиімді себебі өзара оқыту үрдісі жүзеге асады). Оқушыларға өз жұмыстарын өзге топтармен салыстыруға және бір қорытындыға келуді ұсыныңыз. Оқушылардан берілген тұз формулаларын неше топқа топтастырғанын және неліктен екендігін сұраңыз. Оқушылар тұздар құрамына байланысты орта ,негіздік, қышқылдық және қос тұз болады деген қорытындыға келулері қажет және ол тұздарды атауды ұсыныңыз.

 Практикалық жұмысты бастамас бұрын оқушылармен бірлесе отырып тәжірибенің қауіптілігін болжаңыз және содан кейін ғана оқушыларға тұздардың химиялық қасиеттерін зерттеу үшін практикалық жұмыс парағындағы жұмыстың мақсаты және болжамы бөлігін толықтыруды ұсыныңыз. Оқушыларға топта нұсқаулыққа сәйкес тәжірибені жүргізуді тапсырыңыз және практикалық жұмыс парағындағы тапсырмаларды жеке орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы алғашқыда жеке орындайды, сосын топтағы оқушылармен өз жұмысының нәтижелесін талқылайды. Бұл әдіс тақырыпты толықтай түсінуге өз септігін тигізе алады. Практикалық жұмыстың негізгі мақсаты: оқушылар жасалған тәжірибелер негізінде тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін сызба-нұсқаны құрастыра алуы. Осы тұрғыда әрбір жасалған тәжірибеге қатысқан заттардың және реакция өнімінің формуласын дұрыс жаза білу, химиялық реакция теңдеулерін теңестіре білу қабілеттерін дамытумен қатар ,сонымен қатар реакция жүруі үшін қажетті шарттарды дұрыс нақтылай білуге жетелеу маңызды.

 Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?