Тұздар. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
«ТҰЗДАР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.
Тұздар дегеніміз – молекуласы металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл атомдары немесе негіздегі гидроксотоптың орындарын қышқыл қалдықтары басқан өнім деп қарастыру қажет. Сол себепті тұздарды төмендегіше жіктейміз:
Орта тұздар – қышқыл құрамындағы барлық сутек атомдары металл атомдарымен алмасқан. KNO3, CaСl2
Орта тұздардың аталуы металл атауы мен қышқыл қалдығы атауынан тұрады.
Қышқыл тұздар – қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған. NaHCO3, CaHPO4 –кальций гидрофосфаты. Қышқыл тұздарды атау үшін қышқыл қалдығының алдына гидро сөзі қосылып айтады.
Негіздік тұздар – негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған. Zn(OH)Cl, Al(OH)SO4 негіздік тұздарға гидроксо сөзі қосылып айтылады.
Қос тұздар - қышқыл құрамындағы сутек атомдарының тобын екі түрлі металл атомдары басқан кезде түзіледі KAl(SO4)2.
Тұздарды алу жолдары
- Металл мен бейметалдың әрекеттесуі:
Мg + Сl2 = МgСl2
2) Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтің әрекеттесуі:
МgО + ЅО2 = МgЅО3
3) Негіздік оксид пен қышқылдың әрекеттесуі:
СаО+ 2НСІ = CаCl2 + H2О
4) Қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуі:
СО2 + Са (ОН)2 = CаCO3 + H2О
5)Қышқыл мен негіздің бейтараптануы:
H2SО4 +2NaОH = Νa2ЅО4 +H2О
6) Тұз бен қышқылдың әрекеттесуі:
ВаСІ2 + Н2ЅO4 = BaЅО4↓+2HCI
7) Тұз бен тұздың әрекеттесуі:
BaCI2 +Na2SО4 = BaSO4↓ + 2NaCI
8) Тұз бен сілтінің әрекеттесуі:
CuЅО4+2NaОH = Na2ЅO4+ Cu(OH)2↓
9) Металдың қышқылмен әрекеттесуі:
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
10) белсендірек металл мен тұздың әрекеттесуі:
Cu + НgCl2 = CuCl2+ Hg
Химиялық қасиеттері:
- Тұздар металдармен әрекеттеседі:
Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu2. Тұздар сілтімен әрекеттеседі:
СuCI2 + 2NaOH = 2NaCI + Cu(OH)2↓3. Қышқыл мен тұз әрекеттеcеді:
Pb(NO3)2 + H2SO4 = PbSO4↓ + HNO3
4. Тұздар бір–бірімен әрекеттеседі:
CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3 + 2NaCI5. Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады:
СаСО3 → CaO + CO2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?