Квадрат теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадрат теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Білім, білік, дағдыларын бекіту | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Квадраттық функцияның графигін қолданып квадрат теңсіздіктерді шешеді. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар нақты жағдайда квадрат теңсіздіктің шешімі неге олай болатынын түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология квадрат теңсіздік функция нөлдері парабола тармақтары аралық бос жиын Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Парабола тармақтары жоғары бағытталған Теңсіздікті шешімі … аралығы болады. Түбір астындағы өрнек … теріс емес. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өздігінен оқу дағдысы. Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математикалық моделі квадраттық функция болатын әртүрлі жағдайларда квадрат теңсіздіктерді шешу дағдысы қажет болады. | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар сызықтық теңсіздік пен квадрат теңдеулерді шеше алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 12 мин 2 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, сабақтың мақсатын талқылайды. Білімді жаңғырту Оқушылар шағын топтарға бөлініп, берілген төрт тапсырманың бірін орындайды. Олар функция графиктерін а коэффициенті мен дискриминанттың мәніне байланысты сәйкес ұяшықтарға орналастырып (жабыстырып) және әрбір жағдай үшін теңсіздіктің шешімін жазулары керек: 1 топ: ; 2 топ: ; 3 топ: ; 4 топ: . Жұмыстың соңында оқушылар орындарынан тұрып, басқа топтардың жұмыстарын қарап, стикерлерге комментарийлер қалдырады. Орындарына келген соң оқушылар өзге топтың жазып кеткен комментраийлерін оқиды, талқылайды, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Толтырылған кестелерді сыныптың әр жағындағы қабырғасына іліп қоюға болады. Оқушылар сабақ барысында квадрат теңсіздіктерді шешуге арналған анықтама ретінде осы кестелерді пайдалана алады. Дескрипторлар - Квадраттық функцияның графиктері дұрыс сәйкестендірілген - Теңсіздіктің шешімі жазылған Үй тапсырмасының орындалуын тексеру Оқушылар шағын топта үй тапсырмаларын тексереді, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. | Презентация 1-2 слайдтар Қосымша 1 Оқушылардың жұмыстары | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин 10 мин 9 мин | Есептер шығару Өрнектің мүмкін мәндер жиынын табу идеясы талқыланады. а) ; б) . Тақтада шешу үлгісі көрсетіледі. Жеке жұмыс Оқушылар 10 минут бойы жеке жұмыстанады, кейбір оқушылар барлық тапсырманы орындамауы мүмкін. Қабілеті жоғары оқушылар жұмысты 2-тапсырмадан бастай алады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қадағалап, кері байланыс береді. Функцияның анықталу облысын табыңыз: А тобы 1. а) ; б) . В тобы 2. a) ; б) С тобы 3) a) ; б) . Дескрипторлар: - Өрнектің мағынасы болатын шарт құрастырылған - Квадрат теңсіздік дұрыс шешілген - Жауабы жазылған Бұрын өткен тақырыпты қайталауға арналған есептер шығару 4) Квадрат үшмүшелікті сызықтық көбейткіштерге жіктеңіз: а) ; б) ; в) ; г) . Дескрипторлар - Көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеу әдісін біледі - Өрнекті көбейткіштерге жіктейді 5) Теңдеуді шешіңіз: . Дескрипторлар - Бөлшек-рационал теңдеуді шешу әдісін біледі - Теңдеуді бүтін теңдеуге келтіреді - Бүтін теңдеудің түбірлерін табады - Түбірлерді таңдайды | 3 слайд 4 слайд 5-6 слайдтар | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы Теңсіздіктерді шешіңіз: Дескрипторлар - Квадрат үшмүшеліктің нөлдері табылған - Параболаның сұлбасы салынған - Қажетті аралықтар көрсетілген - Теңсіздік шешімі жазылған Рефлексия «Үш М» Оқушылар сабақ барысында жақсы орындаған үш сәтті және келесі сабақта жұмысты жақсартуға арналған бір ұсыныс жазулары керек. | 7 слайд | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Ұсынылатын тапсырмалар сараланып беріледі. | Оқушылар бір-бірін жазбаша комментарийлер арқылы бағалайды. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша комментарийлер береді. | Оқушылар сабақ бойы іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру