Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Жинақталған жиілік кестесін толтырады және жинақталған жиілік графигін салады, қолданады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Жинақталған жиілік кестесін толтырады;
  • Жинақталған жиілік графигін салады;
  • Жинақталған жиілік графигі арқылы медиананы табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;
  • таңдама жиіліктерін жинақталаған жиілік түрінде берілуін тұжырымдайды;
  • жинақталған жиілік анықтамасын қолданады.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Жиілік; жинақталған жиілік, жиіліктердің интервалдық кестесі; интервал ұзындығы; модалық класс.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • жинақталған жиілік ... түрінде табылады
  • интервалдық кестедегі деректерді жинақталған жиілік түрінде жазу ... табу үшін қолайлы.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Сабақта қарастырылатын мысалдардағы/тапсырмалардағы ақпараттар әртүрлі салалардан алынған, мысалы, биология, экономика т.с.с.

Бастапқы білім

Оқушылар гистограмма және интервалдық кесте ұғымдарымен таныс. Интервалдық кесте көмегімен гистограмманы салуды үйренген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушылардың бұрынғы білімдерін белсендендіру мақсатында келесідей сұрақтарды қояды:

  • Жиілік дегеніміз не?
  • Жиілік тығыздығы дегеніміз не?
  • Гистограмманы қалай құрамыз?
  • Шамалардың қандай түрлері болады?
  • Интервалдық кестені қалай құрады?
  • Интервалдық кестемен берілген деректердің орташа мәнін қалай есептеуге болады?

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Сабақтың ортасы

7-20 мин

20-38 мин

  • Жинақталған жиілік ұғымын енгізу.

Мұғалім оқушылармен алдыңғы сабақта қарастырылған жағдайды талқылайды:

Оқушы портфелінің салмағы қанша болатынын анықтау үшін бірінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі сан қатары (портфель массасы кг- мен берілген) алынды:

2,1; 2,45; 1,9; 2,6; 3,1; 1,95; 3,4; 4,3; 1,15; 2,7; 2,2; 3,2; 2,4; 2,2; 1,8; 1,5; 2,4; 2,25; 2,6; 1,75.

Осыдан кейін мұғалім келесі сұрақтарды қояды:

  • Қанша оқушыда портфелінің массасы 3 кг-нан кем? 4 кг-нан кем? 3 кг-нан артық? 4 кг-нан артық?
  • Оқушылардың қанша пайызының портфелінің массасы 3 кг-нан кем? 4 кг-нан кем? 3 кг-нан артық? 4 кг-нан артық?

Мұндай сұрақтарға жауап беру үшін және оны көрнекі түрде көрсету үшін жинақталған жиілік ұғымы енгізіледі. Бірінші жағдайда оқушылар жинақталған жиілікті анықтады.

Жинақталған жиілік статистикалық қатардағы сандардың қаншасы берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Жинақталған жиіліктер (абсолютті) жиіліктерді жинақтап қосқаннан пайда болады.

Мысал:

Интервалдық кестеде келесідей деректер берілген:

Ұзындық

Жиілік

4

22

56

32

5

Жинақталған жиілік былай есептеледі:

Ұзындық

<155

<160

<165

<170

<175

Жинақталған Жиілік

4

4+22=26

26+56=82

82+32=114

114+5=119

Жинақталған жиілік графигін кумулята деп те атайды. Осы график арқылы деректерді көрсету ыңғайлы болып келеді. Медиананы табуда ыңғайлы, мысалы, берілген тапсырмада жиіліктің барлық қосындысы 119 болды. Сонда медиана (119+1):2=60 болады. Оны графикпен қиылыстырсақ, онда ол 163 см-ге түседі. Сонда осы мән медиана болатыны шығады.

4. Бекіту.

Мұғалім оқушыларға жұпта тапсырмаларды орындауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

№1 тапсырманың Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Интервалдық қатар түрінде берілген мәндердің орташа мәнін есептейді;
  • Жинақталған жиілікті толтырады;
  • Жинақталған жиілік графигін салады.

№2 тапсырманың Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Жинақталған жиілік кестесін толтырады;
  • Жинақталған жиілік графигін салады;
  • Графикті пайдаланып, сұраққа жауап береді.

№3 тапсырманың Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Жинақталған жиілік кестесін толтырады;
  • Жинақталған жиілік графигін салады;
  • Графикті пайдаланып, медиананы табады.

Презентация

Слайд 5

Презентация

Слайд 6

Презентация

Слайд 7

Қосымша 1

Презентация слайд 8

Презентация слайд 9

Презентация слайд 10

Сабақтың соңы

39-40 мин

  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 11

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу