Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.
Қосымша 1
№1. Машина диаметрі орташа есеппен 2,0 мм болатын темір шарларды жасап шығарады. Өндіріс желісінен сегіз шар таңдалып алынып олардың диаметрлері өлшенді. Оның нәтижесі мынадай болды:
2.02.12.01.82.42.31.92.1
а) Диаметрлердің арифметикалық ортасы мен стандартты ауытқуын есептеңіз.
b) Машина дұрыс орнатылған деп ойлайсыз ба?
Бағалау критерийлері
Оқушы:
- Дисперсия мен стандартты ауытқу формулаларын қолданады;
- Дисперсия мен стандартты ауытқуды есептейді;
- Нәтижелерді қолданып, қорытынды жасайды.
№2. Автобустың бір жолды жүріп өтуінің уақыты t минутпен 15 күн бойы өлшеніп отырды және оның қорытындысы келесідей болды:
және .
Автобустың берілген жолға жұмсалған уақытының арифметикалық ортасы мен cтандартты ауытқуын есептеңіз.
Бағалау критерийлері
Оқушы:
- Арифметикалық орта мен стандартты ауытқу формулаларын қолданады;
- Стандартты ауытқуды есептейді.
№3. 12 баскетбол ойыншыларының h метрмен алынған бойларының арифметикалық ортасы мен стандартты ауытқуы сәйкесінше 1.90 және 0.0432.
а) пен табыңыз.
Бойы 1.98м болатын жаңа ойыншы осы командаға қосылды.
b) Жаңа команда ойыншыларының арифметикалық ортасы мен стандартты ауытқуын есептеңіз.
Бағалау критерийлері
Оқушы:
- арифметикалық орта мен стандартты ауытқу формуласын қолданады;
- арифметикалық ортаны табу формуласынан қосындыны табады;
- стандартты ауытқу формуласынан квадраттардың қосындысын табады;
- арифметикалық ортаны есептейді;
- стандартты ауытқуды есептейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру