Жиіліктердің интервалдық кестесі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал.


Қолдану. Топтық жұмыс.

Оқушылармен вариациялық қатар ұғымын, абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді табу, сандық қатардың арифметикалық ортасы, таңдама нәтижелерін жиіліктердің кестесі, жиілік полигоны түрінде беруін қайталаңыз.

Оқушыларға келесі түрдегі тапсырма ұсыныңыз: «Жетінші сынып оқушылары арасында олардың отбасы неше адамнан түратыны туралы ішінара сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде келесі таңдама алынды: 4, 4, 5, 5, 6, 6, 4, 3, 7, 7, 2, 3, 6, 3 ,4, 2, 7, 4, 5, 4, 3, 3, 2, 4, 5.

Бұл жердегі әрбір сан әр оқушыға сәйкес отбасындағы адам санын білдіреді. Берілген таңдаманы жиіліктер кестесі түрінде ұсыныңыз».

Отбасындағы адам саны

2

3

4

5

6

7

Абсолютті жиілік

Салыстырмалы жиілік

Оқушыларға отбасындағы адамдар санының ортасын табуды және жиілік полигонын салуды ұсыныңыз.

Одан әрі оқушыларға келесі есепті ұсыныңыз.

Оқушы портфелінің салмағы қанша болатынын анықтау үшін бірінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі сан қатары (портфель массасы кг- мен берілген) алынды:

2,1; 2,45; 1,9; 2,6; 3,1; 1,95; 3,4; 4,3; 1,15; 2,7; 2,2; 3,2; 2,4; 2,2; 1,8; 1,5; 2,4; 2,25; 2,6; 1,75.

Оқушылармен вариациялық қатар және жиіліктер полигоны қалай көрсетуге болатынын талдаңыз. Деректердің осындай көрсетілімі көрнекі бола ма?

Мұндай кесте сипаттамалық статистиканың мақсаттарына сәйкес келмейді, статистикалық деретерді ыңғайлы оқылатын түрде көрсете алмайды.

Сондықтан оқушыларға деректерді топтастырып және жиіліктердің интервалдар кестесін толтыруды ұсыныңыз.

Мәннің интервалдық шекке түсуіне назар аударыңыз.

Екі рет есептемес үшін мән қандай да бір интервалға қойылады (мысалы, сол жақ).

Портфель массасы

[ 1; 2]

( 2; 3]

( 3; 4]

( 4; 5]

Абсолютті жиілік

Салыстырмалы жиілік

Осыған дейін дискретті шамаларды қарастырғаныңыз жөнінде қорытынды жасаңыз. Дискретті шама – ол саналатын мәндер жиыны, яғни оны алдын ала санауға болады. Осы жылы біз үзіліссіз шамаларды оқып білеміз. Үзіліссіз шама – ол қандай да бір (а;b) немесе [a;b] аралығын үзіліссіз толтыратын мүмкін мәндер.

Оқушыларға зерттеліп отырған портфельдердің орташа салмағын табуды ұсыныңыз. Әрі қарай оқушыларға үзіліссіз шамалардың арифметикалық ортасын есептеу тәсілдерін ұсыныңыз.

Портфель массасы

Портфельдің орташа массасы

Абсолютті жиілік

1 дег 2 кг

1,5 кг

6

2 ден 3 кг

2,5 кг

10

3 тен 4 кг

3,5 кг

3

4 тен 5 кг

4,5 кг

1

Әртүрлі тәсілдермен есептелген портфельдің орташа мәнін салыстырыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу