Жиіліктердің интервалдық кестесі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С Статистика элементтері | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жиіліктердің интервалдық кестесі | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.4.4.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы береді; | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Берілген мәндер бойынша жиіліктердің интервалдық кестесін құрастырады. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Жиіліктер кестесінің ұғымын біледі - Жиіліктердің интервалдық кестесін құру үшін тандалымдардың нәтижесін қолданады | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология жиіліктердің интервалдық кестесі; гистограмма; жинақталған жиілік; кумулята; шашырандылықтың өлшемі; дисперсия; стандартты ауытқу. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер алынған деректерді жиіліктердің интервалдық кестесі түрінде көрсету; жиіліктердің интервалдық кестесінен алынған деректерді жиіліктердің гистограммасы түрінде көрсету; орта мәнге қатысты сандық деректерді шашу дәрежесі. | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу | |||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру. | |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Вариациялық қатар, абсолютті және салыстырмалы жиіліктер, сандық қатардың арифметикалық ортасын, жиіліктер кестесін, жиіліктер полигонын білуі. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. Қиындық тудырған есептерді тақтада бірге талқылау. 2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | 1 – 3 слайд | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Ж 10 минут Т 15 минут ЖЖ 9 минут | Білу және түсіну. Жұптық жұмыс. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушылар зертханалық жұмысты орындайды. 8 сынып Зертханалық жұмыс «Кездейсоқ зерттеулер» Мақсаты: статистикалық зерттеулерді жүргізу дағдыларын тексеру; терминдерді білуі: тандама, жинақталған қатар, жиіліктер полигоны. Тапсырманы ұсыну: «Жетінші сынып оқушыларынан сауалнама жүргізілді: сауалнаманың сұрағы: отбасыныз неше адамнан тұрады? Сауалнаманың нәтижесінде мынадай тандалымдар пайда болды: 4, 4, 5, 5, 6, 6, 4, 3, 7, 7, 2, 3, 6, 3 ,4, 2, 7, 4, 5, 4, 3, 3, 2, 4, 5. Әр сан әр оқушының отбасындағы адам санын көрсетеді. Тандалымдарды жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіз». Отабсыдағы адам санының орташасын табыңыз, Жиіліктер полигонын салыңыз. Жұмысты аяқтап болған сон қорытынды жасаңыз. Қолдану. Топтық жұмыс. Оқушылармен вариациялық қатар ұғымын, абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді табу, сандық қатардың арифметикалық ортасы, таңдама нәтижелерін жиіліктердің кестесі, жиілік полигоны түрінде беруін қайталаңыз. Оқушыларға келесі түрдегі тапсырма ұсыныңыз: «Жетінші сынып оқушылары арасында олардың отбасы неше адамнан түратыны туралы ішінара сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде келесі таңдама алынды: 4, 4, 5, 5, 6, 6, 4, 3, 7, 7, 2, 3, 6, 3 ,4, 2, 7, 4, 5, 4, 3, 3, 2, 4, 5. Бұл жердегі әрбір сан әр оқушыға сәйкес отбасындағы адам санын білдіреді. Берілген таңдаманы жиіліктер кестесі түрінде ұсыныңыз». Оқушыларға отбасындағы адамдар санының ортасын табуды және жиілік полигонын салуды ұсыныңыз. Одан әрі оқушыларға келесі есепті ұсыныңыз. Оқушы портфелінің салмағы қанша болатынын анықтау үшін бірінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі сан қатары (портфель массасы кг- мен берілген) алынды: 2,1; 2,45; 1,9; 2,6; 3,1; 1,95; 3,4; 4,3; 1,15; 2,7; 2,2; 3,2; 2,4; 2,2; 1,8; 1,5; 2,4; 2,25; 2,6; 1,75. Оқушылармен вариациялық қатар және жиіліктер полигоны қалай көрсетуге болатынын талдаңыз. Деректердің осындай көрсетілімі көрнекі бола ма? Мұндай кесте сипаттамалық статистиканың мақсаттарына сәйкес келмейді, статистикалық деретерді ыңғайлы оқылатын түрде көрсете алмайды. Сондықтан оқушыларға деректерді топтастырып және жиіліктердің интервалдар кестесін толтыруды ұсыныңыз. Мәннің интервалдық шекке түсуіне назар аударыңыз. Екі рет есептемес үшін мән қандай да бір интервалға қойылады (мысалы, сол жақ). Осыған дейін дискретті шамаларды қарастырғаныңыз жөнінде қорытынды жасаңыз. Дискретті шама – ол саналатын мәндер жиыны, яғни оны алдын ала санауға болады. Осы жылы біз үзіліссіз шамаларды оқып білеміз. Үзіліссіз шама – ол қандай да бір (а;b) немесе [a;b] аралығын үзіліссіз толтыратын мүмкін мәндер. Оқушыларға зерттеліп отырған портфельдердің орташа салмағын табуды ұсыныңыз. Әрі қарай оқушыларға үзіліссіз шамалардың арифметикалық ортасын есептеу тәсілдерін ұсыныңыз.
Әртүрлі тәсілдермен есептелген портфельдің орташа мәнін салыстырыңыз. Жеке жұмыс. Универмагта ер адамдардың аяқ киімдерін сату барысында олардың бағасы жазылып отырды: 1200, 1110, 2300, 890, 320, 1200, 560, 1340, 1400, 1050, 1050, 4700, 3200, 2900, 2100, 2450, 890, 1110, 1200,1200, 2300, 1050, 1400, 1200, 890, 320, 1320, 890, 1100, 1050. - берілген мәліметтерден қадамы 1000-ға тең интервалды абсолют және салыстырмалы кестесін құрыңыз. - салыстырмалы жиіліктің гистограммасын салыңыз. | Таратпа 1 Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009. Таратпа 2 Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005. Таратпа 3 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 3 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: Аскар газет таратушы болып бір айға жұмысқа тұрды (22 жұмыс күн). Ол күн сайын жұмысқа кеткен уақытын санап отырды. Нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
а) а-ның мәнін табыңыз; б) абсолют жиіліктің гистограммасын салыңыз; в) абсолют жиіліктің полигонын салыңыз; г) абсолют жиіліктің кумулятасын салыңыз. | Таратпа 4 | ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру