Жиіліктердің интервалдық кестесі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жиіліктердің интервалдық кестесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.4.2

жиіліктердің интервалдық кестесіндегі деректерді жиіліктер гистограммасы арқылы береді;

Сабақ мақсаттары

Интервалдық кестенің берілгендері бойынша жиіліктердің гистограммасын құрады

Бағалау критерийлері

- жиіліктер гистограммасын салу үшін пайда болған мәліметтерді талдайды;

- барлық тапсырмалардың жиіліктер гистограммасын қолданып зерттеу жүргізеді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

жиіліктердің интервалдық кестесі; гистограмма; жинақталған жиілік; кумулята; шашырандылықтың өлшемі; дисперсия; стандартты ауытқу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

алынған деректерді жиіліктердің интервалдық кестесі түрінде көрсету; жиіліктердің интервалдық кестесінен алынған деректерді жиіліктердің гистограммасы түрінде көрсету; орта мәнге қатысты сандық деректерді шашу дәрежесі.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру.

Бастапқы білім

Вариациялық қатар, абсолютті және салыстырмалы жиіліктер, сандық қатардың арифметикалық ортасын, жиіліктер кестесін, жиіліктер полигонын білуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. Қиындық тудырған есептерді тақтада бірге талқылау.

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

1 – 3 слайд

Сабақтың ортасы

Т

10 минут

Ж

10 минут

ЖЖ

6 минут

Білу және түсіну.

Жиіліктердің интервалық кестесіндегі деректер жиіліктердің гистограммасы түрінде беріледі. Көлденең ось бойында мәндер интералы орналасады, ал әрбір интервал үстінен тіктөртбұрыш тұрғызылады, оның ауданы берілген интервалға түсуінің салыстырмалы жиілігіне тең. Назар аударыңыз: биіктігі емес, ауданы. Дегенмен, егер интервалдар тең болса, онда барлық тіктөртбұрыштардың биіктігі сәйкес жиіліктерден тек ғана тұрақты көбейткішімен – интервал ұзындығымен ерекшеленеді.

Оқушыларға тапсырма ұсыныңыз.

Топтық жұмыс. Екі түсті парақшалардың ішінен біреуін тандау арқылы сыныпты екі топқа бөлу. Екі топ бір тапсырманы орындайды және жұмыстың сонында өзара жұмыстарымен алмасып бір-біріне талдау жасайды.

Тапсырма 1. Жиіліктердің интервалдық кестесіндегі деректерді гистограмма түрінде беріңіз.

Портфель массасы (кг)

Абсолютті жиілік

Салыстырмалы жиілік

[1; 2)

6

0,3

[2; 3)

10

0,5

[3; 4)

3

0,15

[4; 5]

1

0,05

Берілген тапсырмада мәндер интервалы 1-ге тең, сондықтан тіктөртбұрыш биіктігі салыстырмалы жиілікке тең, бірақ бұл дербес жағдай.

Енді интервалдар тең болмағандағы және бірге тең емес жағдайды қарастырыңыз.

Қолдану. Жұптық жұмыс. Сыныпты оқушылардың қалауы бойынша жұптарға бөлемін. Келесі тапсырмада интервал бірге тең емес жағдайды қарастыру.

Тапсырма 2. Кестені толтырыңыз. Жиіліктердің интервалдық кестесіндегі деректерді гистограмма түрінде беріңіз.

Оқушыларға нәтижелермен алмасып, талдауды ұсыныңыз.

Жеке жұмыс

Оқушылардың оқу жүктемесін талдау кезінде 32 сегізінші сынып оқушыларынан үй тапсырмасын орындауға кететін уақытты 0,1 сағат дәлдікпен жазуды сұрады. Келесі мәліметтер оқушылардан алынды:

2,7, 2,5, 3,1, 3,2, 3,4, 1,6, 1,8 4,2,

2,6, 3,4, 3,2, 2,9, 1,9, 1,5, 3,7, 3,6,

3,1, 2,9, 2,8, 1,5, 3,1, 3,4, 2,2, 2,8, 4,1, 2,4 4,3, 1,9, 3,6, 1,8, 2,8, 3,9.

Алынған мәліметтерді 0,5 сағат қадаммен берілген интервалдық қатар жиіліктер кестесі түрінде жазыңыз.

Жиілік гистограммасын салыңыз;

Таратпа 1

Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009.

Таратпа 2

Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005.

Таратпа 3

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

4 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма: жеке жұмысты аяқтамаған оқушылардан үйден орындап келу сұралады. Жеке жұмысты аяқтап болған оқушыларға тапсырма берілмейді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу