Таңдалымның жинақталған жиілігі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4B Статистика элементтері | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Таңдалымның жинақталған жиілігі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.4.4.6 жинақталған жиіліктің анықтамасын біледі; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Берілген таңдалымның жинақталған жиілік анықтамасын біледі, есептер шығаруда қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген таңдалымның жинақталған жиілігі туралы ұғым қалыптасқан, деректерге талдау жасайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Бөлім бойынша лексика және терминология реттелген қатар; қатар элементі; бас жиын; нұсқалық; вариациялық қатар; статистикалық қатар; таңдама; жиілік; абсолюттік жиілік; салыстырмалы жиілік; жинақталған жиілік; жиілік кестесі;салыстырмалы жиілік кестесі; деректер жинау;деректерді көрсету(беру); Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
салыстырмалы жиілікті есептеу үшін .....санына.... бөлу қажет. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Саясаттану, әлеуметтану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Excell бағдарламасы. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сандар қатарының құлашын, модасын, медианасын және арифметикалық ортасын таба алу. Диаграммаларды салу және оқу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. Қиындық тудырған есептерді тақтада бірге талқылау. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірге анықтау. | «Статистикалық сипататамалар» 2017-2018жыл. Жұмабаева Р.Н 8 сыныпқа арналған нұсқаулық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы ЖЖ 5 минут Ұ 20 минут ЖЖ 11 минут | І. Сергіту сәті – оқушыларға «Мен кіммін?» - атты тренигісін өткіземін. Оқушылар өздерінің өмірде алатын орын мен рольдеріне байланысты әр түрлі мағынада жазып шығады. (мысалы, мен – баламын, ағамын, оқушымын ...) ІІ. Қайталау – оқу анасы
Таңдалым нұсқалығы элементтерінің ішінде ең үлкені мен ең кішісінің айырмасын таңдалым құлашы деп атайды және R әріпімен белгілейді.
Таңдалым элементтерінің ішінде ең жиі кездесетін элементті таңдалым модасы деп атайды. Моданы Мо арқылы белгілейді.
Таңдалым элементтерінің арифметикалық ортасын таңдылымның орта мәні деп атайды және әріпімен белгілейді. Өткенді қайталап болғаннан кейін, жаңа тақырыппен байланыстыратын ұғымдарды еске түсіреміз. ЖАДА: Абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді еске түсіреміз.
ІІІ. Түсіну және білу. Оқушыларға келесі тапсырманы орындауды ұсынамын: 1 мысал. Үйде отыратын аналар саны зерттеліп кестесі пайызбен берілген. Таблица
Жаңа ұғымға түсініктеме: Жинақталған жиілікті есептеу үшін варияциялық қатардағы жиіліктің тізбектелген қосындысын алады. Бұл есептеуді кумулята немесе кумулятты қисық деп те атайды. 1) 0+19,2=19,2; 2) 19,2+26,2=45,4; 3) 45,4+22,6=68; 4) 68+20,5=88,5 болады. Варияциялық қатардағы жиіліктің қосындысы жинақталған жиіліктің жоғарғы шекарасы болады. Абсолют және салыстырмалы жиіліктен жинақталған жиіліктің айырмашылығы мен ұқсастығы туралы оқушылардың ойын сұраймын.
2 мысал. Кіріс деңгейі бойынша отбасыларын үлестіру кестесі – жиіліктердің интервалдық кестесі келтірілген. Теледидардан сіз отбасылардың шамамен алғанда 12% кедейлік шегінен төмен өмір сүретінін естідіңіз делік. Осы кедейлік «шегін» анықтауға тырысыңыз. Бұл есепті шешу үшін жинақталған жиіліктер кестесін құрастырамыз. 1000-нан 1500-ге дейін кесіндіде жинақталған жиілік 15%. Жұптық жұмыс. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындап, бір-бірін тексереді. Тапсырма №1 Таңдап алынған жұмыс орнындағы жұмысшылардың бір айлық жалақысы кестеде берілген. Жинақталған жиілігін есептеп кестені толтырыңыз.
Жеке жұмыс. Тапсырма №2 Кәсіпорын жұмысшыларының кестеде тарифтік разряды берілген. Салыстырмалы жиілігін, жинақталған жиіліктің кестесін тұрғызыңыз. Таңдалымның мода, медиана, құлашы мен арифметикалық ортасын табыңыз.
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында қосымша сұрақтар қойылады.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 2 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: 1. Кәсіпорынның жұмысшыларының еңбек өтілі таңдалынған. Бос орындарды толтырып, мода, медиана, құлашы мен арифметикалық ортасын табыңыз.
2.Оқушылар өз сыныбындағы оқушылар отбасының саны бойынша (абсолют, салыстырмалы, жинақталған) жиілік кестесін құрып келу сұралады. | «Статистикалық сипаттамалар» 2017-2018жыл. 8 сыныпқа арналған нұсқаулық
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Деңгейлік тапсырамалар кезінде оқушылардың қастарына барып тапсырмаларды орындауын бақылап, сұрақтары болса жеке жауап беріп бағыттап отырамын. Сызбаны дұрыс салуын қадағалаймын. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын. | Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалаймын. А деңгейіндегі тапсырмаларды қатесіз бағалау критерийіне сай ұпайларын алған оқушылардың барлығы да бүгінгі сабақ мақсатына жеткенін, Ал В мен С деңгейіндегі тапсырмаларды орындаған оқушыларға ерекше мақтап барлығыңда сол деңгейге жетулеріңе мүмкіндік бар екенін айтып өтемін. | Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру