Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқу мақсаты: 8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Гистограмма ұғымын және оның қолданылу мақсатын түсінеді;
  • Интервалдық қатар түрінде берілген деректерді гистограмма түрінде салады.

 

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Қайталау.
  • Гистограмманы салу.
  • Бекіту.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

 

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Жиілік – бағанның (тіктөртбұрыштың ауданы), абсцисса осі – жиілік тығыздығы. Тіктөртбұрыштың ауданы ені мен ұзындығының көбейтіндісі болғандықтан, келесі формула орындалады:

Жиілік = интервал ұзындығы жиілік тығыздығы

Гистограмма интервалдық қатарларды бейнелеу үшін қолданылады. Интервалдары тең болатын қатардың гистограммасын салу үшін асбцисса осіне айнымалы мәнін, ал ордината осіне абсолютті немесе салыстырмалы жиілік алынады, ал интервалдары әртүрлі қатарда ордината осіне жиілік тығыздығы алынып, жиілік бағанның ауданы болып алынады.

Гистограмма мен бағанды диаграмманың айырмашылығы:

Бағанды диаграмма

Гистограмма

Дискретті шама үшін

Жиілік – баған биіктігі

Үзіліссіз шама үшін

Жиілік – баған ауданы

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 Базалық деңгей

Уақыт

Жиілік

50

40

30

Төмендегі торкөзге кестедегі ақпаратты қолдана отырып, гисторграмманы толықтырыңыз.

Бір баған алдын-ала салынып қойған.

Жиілік

тығыздығы

 УУаУақыт (секундпен)

 Күрделі деңгей

Кестеде 180 адамның бақшада жұмыс істеу ұзақтығы көрсетілген.

Уақыт, t (минутпен)

Жиілік

18

66

60

36

а) Осы берілгендерді қолданып, гистограмманы салыңыз.

b) Бақшада 3 сағаттан артық жұмыс жасайтын адамдар арасындағы жұмыс уақытының орташа ұзақтығын табыңыз.[4]

 

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.

 Қосымша 1 жауаптары.

 №1.

Салмақ (w kg)

Жиілік

Жиілік тығыздығы

0 < w ≤ 10

40

4

10 < w ≤ 15

6

1.2

15 < w ≤ 35

52

2.6

35 < w ≤ 45

10

1

 

  №2.

 

 

 №3.

 

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Мордкович А.Г., Семенов В.П. События, Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009.

Ткачева М.Ф., Федорова Н.Е. Элементы статистики и вероятность. Учебное пособие для 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Просвещение, 2007.

Бродский Я.С. Статистика. Вероятность. Комбинаторика. – М.: ООО «Издательство Оникс»; ООО «Издательство «Мир и Образование», 2008.

Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005.

http://5klass.net/algebra–9–klass/Osnovy–statistiki/020–Poligon–raspredelenija–dannykh.html

http://x–uni.com/matematika/7klass/uchebniki/sobitiya–veroyatnosti–statisticheskaya–obrabotka–dannih–aalgebra–7–9–klass–mordkovich–a–g–semenov–p–v–2008

http://videouroki.net/filecom.php?fileid=98704116



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу