Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.


 5 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадраттық функция және оның графигі»

  «Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік есептерді шешу

 Оқу мақсаты:

8.4.1.2 y=a(x-m)2, y=ax2+n, y=a(x-m)2+n, a≠0 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу, графигін салу

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу, графигін салу

 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

 8.4.3.1 есептің шарты бойынша математикалық моделін құрастыру

 Бұл сабақта оқушылардың осы бөлім бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеуге арналған жұмыстар ұйымдастырылады.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Оқушылар топқа бөлінеді. Сабақтың басында оқушылардың білімдерін қайталау және тереңдету жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылар сұрақтар құрастырулары керек, оларға әртүрлі ақпарат көздерін қарауға рұқсат етіледі, бұл оларға әртүрлі сұрақтарды деңгейдегі сұрақтар құрастыруға көмектеседі. Оқушылардың құрастырған сұрақтарын талқылағанда, олардың назарын сұрақтың негізгі ойына аударып, оларға сұрақты жан-жақты қарастыруға бағыттау керек.

 Топтарға бөлімнің әртүрлі тақырыптарынан тапсырмалар беріледі. Оқушылардың бұл кезеңдегі мақсаты – осы бөлімде оқыған практикалық дағдының негізгі түрлерін қарастыру. Оқушылар басқа топтың шешімдерін өздері түсініп алады деп жоспрланады. Сондықтан постерде есептің шешімі рет-ретімен түсінікті жазылуы керек. Үш түрлі топтың постерлерін бөлек қарап шығуды ұйымдастырған жөн. Бірақ шешімді сыныппен талқылау ретінде де ұйымдастыруға болады.

 Сабақтың соңында квадраттық функцияның қасиетін пайдаланып шешуге арналған олимпиада деңгейіндегі есеп ұсынылады.

 

Жауаптары мен шешімдері

 Задания для групп

1) Қозғалып келе жатқан көлік тек ауаның емес жолдың да кедергісіне ұшырайды. Көліктің v км/сағ жылдамдықпен жүргендегі жолдың f кедергісі келесі формуламен беріледі:

Жақсы тас жолында ,

Нашар тас жолында . Осы мәліметтерді қолдана отырып:

а) жақсы тас жолында кедергісі ең аз болатын қозғалыс жылдамдығын және осы кедергінің өлшемін табыңыз.

б) қандай жылдамдықта кедергі жақсы да, нашар да тас жолында бірдей болады.

 Шешуі.

 а) квадраттық функциясының үлкен коэффициенті оң сан болғандықтан функция ең кіші мәнге парабола төбесінде жетеді.

 , .

 Яғни 10 км/сағ жылдамдықпен жүргенде жолдың кедергісі ең кіші болады және ол -ге тең.

 б)

 

 

 Шамамен 39 км/сағат жылдамдықпен жүргенде жақсы тас жолындағы, нашар тас жолындағы кедергілер бірдей болады.

 

3) Суретте парабола пішінді туннель берілген. (өлшем бірлігі метрмен).

а) Туннельді сипаттайтын функция формуласын жазыңыз .

б) Өрт көлігі өлшемі 7400×2500×2800 мм (ұзындығы × ені× биіктігі).

Көлік туннельден өте ала ма?

 Шешуі.

 а)

 (0; 8) нүктесі графикте жатады, яғни , бұдан, шығады.

 

 б) 2500 мм = 2,5 м.

 ,

 Яғни көлік туннельден өте алады.

 

 Қосымша тапсырмалар

 С деңгейі

 Берілген теңдеудің неше түбірі бар:

  (х – 2017)(х – 2018) + (х – 2018)(х – 2019) + (х – 2019)(х – 2017)=0?

 

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

 1. Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2010

 2. «Кенгуру» - выпускникам 9 класса. Тест готовности к продолжению образования.

 3. Курбанов К.О. Некоторые прикладные задачи по высшей математике (методическое пособие). – Махачкала: Махачкалинский филиал МАДГТУ, 2011 г. – 24стр.

 4. Эверстова Т.Л. Комплекс задач практического содержания как средство повышение интереса учащихся 9 класса к изучению математики (на примере темы «Квадратичная функция») (Ссылка на статью https://sibac.info/studconf/hum/xxvii/40129)

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу