Квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу

Оқу мақсаты: 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын біледі

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеудің дискриминанттың формуласын біледі

Дискриминант бойынша квадрат теңдеудің түбілер санын анықтайды;

Квадрат теңдеу шешу алгоритмін біледі;

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолданады

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Белсендіру кезеңі. Қайталау сұрақтары.
  • «Математикалық баскетбол» ойыны.
  • Үй жұмысы
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

«Математикалық баскетбол» ойыны.

Дидактикалық мақсат: оқушылардың математикалық сауаттылығын, талдауға, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Ойынның мазмұны.

Сынып екі топқа бөлінеді. Оқушылар 1, 2, 3 немесе 4 балл алуға болатын дифференциалды тапсырмаларды шешуге шақырылады. Талқылау және алдын ала шешім қабылдау үшін 12 минут беріледі. Бірінші лақтыру жеребе тастау арқылы анықталады. Бірінші топ тапсырманы таңдайды және оны шешу үшін қарсыластарын шақырады. Егер қарсыластар дұрыс шешсе, доп себетке кірмеген деп есептеледі; егер дұрыс емес болса, доп себетке кірген деп саналады. Егер «допты лақтыру» командасы өз шешімінде қате жіберсе, онда тапсырманың «құны» 1 ұпайға артады. Егер ешқандай команда тапсырманы орындамаса, онда мұғалімге «үй тапсырмасымен себетке еркін тастау» тағайындалады.

Ойын барысында мұғалім:

- топтағы жұмыстың барысын бақылайды;

- оқушылардың сұрақтарына жауап береді;

- дауларды, жұмыс тәртібін реттейді;

- Қажет болса, жеке оқушыларға немесе топтарға көмектеседі.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 

№4

a), екі түбірі бар

b) , түбірі жоқ

c) , бір түбірі бар

d) , екі түбірі бар

Бірінші топқа арналған тапсырмалар

1. a) b)

2. a), екі түбірі бар;

b), екі түбірі бар.

3. a)

b)

c)

d) .

4. a)

b) .

Екінші топқа арналған тапсырмалар

1. a) b)

2. a), екі түбірі бар;

b), екі түбірі бар.

3. a)

b)

c)

d) .

4. a)

b) .

Рефлексия: «Смайликтер»

"смайликтерді" қолданып рефлексия жассауға болады.

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер: Алгебра 8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу