Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
7.4А бөлім: Шеңбер. Геометриялық салулар | Мектеп: Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Азатбек Арайбек | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың типі | Жаңа мазмұнды түсіндіру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - шеңберлердің орналасуын олардың центрлерінің ара қашықтығы мен радиустарына тәуелділігін сипаттайды; - түзу мен шеңбердің өзара орналасуы шеңбер центрі мен берілген түзуге дейінгі қашықтыққа тәуелді екенін түсіндіреді;
Пәнге қатысты лексика мен терминология Бірдей қашықтықта, доғаны салыңыз. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Шеңбердің ұзындығын қалай табамыз? Дөңгелектің ауданын табу формуласын қалай дәлелдеуге болады? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, көркемөнер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | «ActivInspire» бағдарламасын дұрыс қолдану арқылы интерактивті тақтаны презентацияны мезеттік өңдеуге дағдыландыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Параллель түзулер, бұрыштар мен үшбұрыштар түсінігі. Дәл өлшеу және сызу мүмкіндігі және салуды тексеру үшін бұрыштарды транспортирмен өлшей алу. Бұл бөлім Үшбұрыштар теңдігінің белгілері зерттеу бөлімімен параллель дами алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин 5 мин | І.Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау. Оқытушы: Интерактивті тақтадан презентацияның 2-ші слайдын көрсетеді. Оқушыларға алдын-ала дайындалған сұрақтарды кезекпен оқып отырады. Оқушы: Кезекпен тақтаға шығыпоқылған сұрақтардың жауабын сәйкес жолға бір тор көзге бір әріптен жазады. Сөзжұмбақты шешкенде біздің жаңа тақырыбымыздың атауы шығады. Сұрақтары:
| Презентация 2-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Тақырыпты түсіндіру 10 минут Есептер шығару 15 минут | ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. Оқытушы: Презентацияның 3-8 слайдтарын кезекпен арасына жеткілікті уақыт салып көрсетеді. Оқушылардың ақпараттың мазмұны бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Оқушы: Кезекпен көрсетілген ақпараттарды оқиды. Көрсетілген ақпараттарды дәптерге конспекті жасайды. Анықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады. О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы. Белгіленуі: R немесе r. (O, R) – центрі О нүктесі болатын, радиусы R-ге тең шеңбер.
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндісін хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады. CD, AB, EF – хордалар, AB – диаметр, AB=2R.
Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. Доғаны «» белгісімен белгілейді. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі доғаға бөледі.
және .
Екі радиустың арасындағы бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.
АОВ бұрышы – центрлік бұрыш.
АВ доғасының градустық өлшемі АОВ центрлік бұрышының градустық өлшеміне тең. .
Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды.
Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.
Жанасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашақтақтар радиустан үлкен. Олай болса, жанамасынан шеңбер центріне дейінгі қашақтық OK-ға тең, яғни . Сондықтан шеңберге жүргізілген жанама радиусқа перпендикуляр. ІV. Есептер шығару. Оқытушы: Слайдтағы есептерді көрсетеді. Есептің мазмұнын қысқаша түсіндіреді. Оқушылар тапсырманы орындау барысында, әр оқушының жұмыс барысын бақылап, тапсырманы өз деңгейінде орындай алмай отырған оқушыларға мұғалім дұрыс бағыт-бағдар беріп, көмектеседі. Оқушы: Көрсетілген тапсырмаларды оқушылар жеке-жеке дәптерлеріне орындайды. №1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе? ( d = , хорда болуы мүмкін емес) №2. Шеңбердің радиусы диаметрден кіші. Диаметрді табыңдар. (r=d-15; d=?; Ш: d=2r; d=2(d-15); d=2d-30; -d=-30; d=30. ) №3. Шеңбердің В нүктесі арқылы ВС диаметрі және ВD хордасы жүргізілген. ВD-ның ұзындығы шеңбер радиусына тең (1-сурет). ОВD үшбұрышының ішкі бұрыштарын табыңдар. (600, 600, 600) №4. 1-суреттегі ОDВ үшбұрышы тең қабырғалы. В нүктесі арқылы шеңберге жанама жүргізілсе, жанама мен ВD хордасының арасындағы бұрыш неше градус болатынын табыңдар. (300) 1-сурет Тапсырманың орындалу уақыты біткеннен кейін тақтада дұрыс жауаптарын көрсетіп, оқушылар қзара тексереді және тексерген оқушыларды бағалайды. | 3-слайд 4-слайд 5-слайд 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд Қосымша №1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ.Cабақтың соңы Бағалау 5 минут Рефлексия 5 минут | Математикалық диктант. Оқытушы: Төмендегі бос орындармен жазылған (соңындағы жауаптарын өшіріп тастау керек) парақтарды оқушыларға үлестіріп, тапсырманың шартын түсіндіреді. Оқушы: Төмендегі сөйлемдердегі бос орындарды дұрыс деп ойлаған сөздермен толтырады. 1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы ... деп атайды. (диаметр)2. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесіндіні шеңбердің... деп атайды. (радиус)3. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын... деп атайды. (шеңбер)4. Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін ... деп атайды. (дөңгелек)5. Шеңбердің бөліктерін...... деп атаймыз. (доға) 6. Шеңбермен бір ортақ нүктесі бар түзуді ... дейді. (жанама) 7. Екі радиустың арасындағы бұрышты ... деп атайды. (центрлік бұрыш)
Рефлексия: - не білдім, нені үйрендім - не түсініксіз күйінде қалды - немен әлі жұмыс жасауым керек Үй тапсырмасы №207, 213; №24 (Г-2). | Қосымша №2 10-слайд 11-слайд Геометрия 7 сынып Шыныбеков Ә.Н. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1. Оқушылар өзара көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. 2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады. | Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. | Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?