DataLife Engine / Балабақша ойындары

Балабақша ойындары

Қалпақ және кішкене таяқша ойыны

Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады.

Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» -дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады.

Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын қайталанады.

Балалбақша ойындар тізімі: Арқан тарту, Шеңберге түсір, Пойыз, Допты қуып жет, Жалғыз аяқ жолмен, Ойын: кім баяу, Таяқшадан аттап өт, Мені қуып жетіңдер, Торғайлар мен автомобиль, Маған қарай жүгіріңдер, Белбеу тастау, Кетті-кетті, Орамал тастау, Ойын: доп кімде?, Тракторшылар, Кім заттарды көбірек жинайды?, Ойын бастаушылар (тура шын ойлану), Қалпақ және кішкене таяқша, Айгөлек, Ормандағы ақ тиіндер, Табан балық және шортан

Айгөлек ойыны

Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.

Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.

Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Мұнда сізге кім керек?

Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізге тек Қамбар керек.

Немесе:
А тобы: — Құрсауды үзіңдер!
Ә тобы: — Кім керек?

А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.

Балалбақша ойындар тізімі: Арқан тарту, Шеңберге түсір, Пойыз, Допты қуып жет, Жалғыз аяқ жолмен, Ойын: кім баяу, Таяқшадан аттап өт, Мені қуып жетіңдер, Торғайлар мен автомобиль, Маған қарай жүгіріңдер, Белбеу тастау, Кетті-кетті, Орамал тастау, Ойын: доп кімде?, Тракторшылар, Кім заттарды көбірек жинайды?, Ойын бастаушылар (тура шын ойлану), Қалпақ және кішкене таяқша, Айгөлек, Ормандағы ақ тиіндер, Табан балық және шортан

Ормандағы ақ тиіндер ойыны


Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар.

Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады.

«Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед.

Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды.

Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды.

Балалбақша ойындар тізімі: Арқан тарту, Шеңберге түсір, Пойыз, Допты қуып жет, Жалғыз аяқ жолмен, Ойын: кім баяу, Таяқшадан аттап өт, Мені қуып жетіңдер, Торғайлар мен автомобиль, Маған қарай жүгіріңдер, Белбеу тастау, Кетті-кетті, Орамал тастау, Ойын: доп кімде?, Тракторшылар, Кім заттарды көбірек жинайды?, Ойын бастаушылар (тура шын ойлану), Қалпақ және кішкене таяқша, Айгөлек, Ормандағы ақ тиіндер, Табан балық және шортан

Табан балық және шортан ойыны

Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.
Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.
Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.
Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Балалбақша ойындар тізімі: Арқан тарту, Шеңберге түсір, Пойыз, Допты қуып жет, Жалғыз аяқ жолмен, Ойын: кім баяу, Таяқшадан аттап өт, Мені қуып жетіңдер, Торғайлар мен автомобиль, Маған қарай жүгіріңдер, Белбеу тастау, Кетті-кетті, Орамал тастау, Ойын: доп кімде?, Тракторшылар, Кім заттарды көбірек жинайды?, Ойын бастаушылар (тура шын ойлану), Қалпақ және кішкене таяқша, Айгөлек, Ормандағы ақ тиіндер, Табан балық және шортан
25.04.2016
Вернуться назад