DataLife Engine / ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ

ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ

Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып:
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті.
Жиылған халық көп дағдарып:
Үш арсыз: үйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, — деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.

Сонда Әз Жәнібек хан:
— Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.
— Келмеген Қарабас шешен қалды, — депті халық.

Әз Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін сұрапты:

Сонда Қарабас:
Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой!
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаушысыз сөз жетім,
Жоқтаушысыз қыз жетім, —
дейді.

Сонда Әз Жәнібек:
— Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен. «Қарабас» дегенше «Алтынбас» десе болмай ма? — деген екен

Автор: Жусипжан Абдрашит
17.10.2014
Вернуться назад