DataLife Engine / Балабақшадағы психологттың жылдық жоспары

Балабақшадағы психологттың жылдық жоспары

І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
* «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.

ІІ. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.
Сіз қандай тәрбиешісіз?
Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1.Тәрбиешілік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін тәрбиешінің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Балалар сізді қандай деп ойлайды
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Балалар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) белгілі айтылған тапсырмадан шыға алмаймын
6. Балабақшадағы ережеден тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) балалар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Балаға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда-санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Тәрбиеші болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпайесептеңіз.
45-50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.
30-21 ұпай жинасаңыз :
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
15-11 ұпай жинасаңыз:
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын тәрбиешіге босатқаныңыз жөн.


ІІІ. Психогеометриялық тест
1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;
2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;
3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға......
24.08.2014
Вернуться назад