DataLife Engine / ZERDE атты тұңғыш қазақтардың смартфоны!

ZERDE атты тұңғыш қазақтардың смартфоны!

«Фэйсбук әлеуметтік желісінде Ақтамберді Назымұлы есімді қолданушы Қытай елінде тұратын қазақтардың „Zerde“ деп аталатын смартфон жасап шығарғанын жазды» деп массагет порталы өз қолданушыларын жағымды жаңалықпен қуантты.

ZERDE атты тұңғыш қазақтардың смартфоны!


Шынында да қуанатын жағдай. Бөрігімзді аспанға лақтырсақ болады. Ал алғашқы қазақ смартфонын қазақ смартфонын нарыққа шығарған адамдар былай дейді:
«Зерде үлкен еңбекпен, көп ізденістің туындысы. Ұлттық өнімді өркендетіп, ұрпақтың бойында ана тілімізді сақтап қалу мақсатында құрастырдық. „Зерде“ тосын жаңалықтармен қытайдағы қандастарымызды қуантуда. Алла қаласа тоық мазмұнын алдағы уақытта көретін боласыздар. Смартфонның слобы қазақ киіз үйінің әбзелдеріне арнап жасалған. Яғни телефонды қолыңызға алғаныңызда кәдуілгі киіз үйдің ішінде отырғандай сезінесіздер»

Толық ақпарат:
Ішкі жады: 8,16, 32, гв
Ядорлы санашығы 8
LG тор көзді экран, 5.0 дюмдық
Көлемі: 720х1280;
Алдыңғы камера 5 МП, Сыртқысы 8 МП
Батарясы: Жоғары қуатты, ұзақ уақыттық сыйымдылықты бойына місе тұтқан
Атқару жүйесі:Android4.3.3
Өндірген орын: Үрімжі алтын сақа қаржыгерлік серіктестігі
Жобаның ақпараттық демеушісі: Сен қазақ сайты
Мекен-жайы: Үрімжі қаласы, Тяншан районы, Ынтымақ көшесі 505-аула қызымет ғимаратының 2-қабатында
Байланыс телефоны: 0991-2853177 18129294177
Сайт: zerde.cn
Электронды почта: altinsaka@yeah.net

Зерде тек жай ғана қалтафон емес!
Тілі қазақша. Басқа тілдерде қамтылған.
Ұлттық бояуы қанық. Сондай-ақ, көптеген деталдармен байытылған.
Онымен қоймай телефонды сатып алған кезіңізде төмендегі бағдарламаларды тегін қосып береді:
1. Кітапхана (көптеген кітаптар сақталған)
2. Ертегілер (100-ден аса ертектер бар)
3. Қазақтың таңдамалы 100 әні
4. Аабай, Мұқағали өлеңдері
5. Қазақ баталары жайында ақпарат, нақыл сөздердің жүздеген түрі
6. Салт-дәстүрлер жинағы
7. Тыл үйрену
8. Жөлжетек детәлі
9. Жұңхуа Халық Республикасының заң жинағы
10. Сен-қазақ сайтындағы таңдамалы мақалалар жинағы

Сымтетікте «Бөлшек базасы» арқылы ЗЕРДЕ-нің APP сайт кеңістігіне тіркеліп, түрлі құжаттар мен кітаптарға ие бола аласыздар. Яғни сізді көптеген тосын сыйлар күтіп тұр.

Сатылымдағы бағасы:
(уәкілдік сатушылардың тимділік бағасы, шарттары келісімде көрсетіледі)

1. «Зерде» маркаcы, 5200mAh сыйымдылыққа ие қуаттандыру құрылғысының жеке сатылу бағасы: 997юань ( 29 371.62 тг)

2-«Зерде» маркәлы, 10400mAh сыйымдылыққа ие, күн нұры энергиялы қуаттандыру құрылғысының жеке сатылу бағасы: —
1 юань=29.46 теңге
















Жаңа өнімді асыға күтеміз. Бауырларымыздың бұл игі істеріне Алла сәтін салсын!

Дайындаған: Ардақ Құлтай, дереккөзі
20.06.2014
Вернуться назад