DataLife Engine / Бұл қазақты ешбір дұшпан ықтырмас..

Бұл қазақты ешбір дұшпан ықтырмас..

Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ ?!
© Назым Хикмет


●•●• Жетер енді тамырлас.. Сөзіме құлақ түріп, байыппен ғана ойымның парқына барар сәтің келген сықылды. Ләзім істің еншісі деп қабылдағайсың.. Саясаттың сардары екенсің, бірер түйткілді ескерерсің мүмкін. Путиннен бастап - әлем тұрмысын шарладың кеп, айналып келгенде өз Нұрекеңді балағаттайтындай не көрінді? Қарның ашса - Назарбаев, киімің тарылса - Назарбаев, өзгеден тепкі көрсең - Назарбаев, тіпті сүйіктің екі көзіңді бақырайтып тастап кетсе де - Назарбаевты сорладың ғой. Айнадағы "меніңнен" сұрашы. Туа біткен данышпандық өзіңе қайдан келген ? Сабырлық сақта бауырым. Ғасырлар бойы рухы оянған жалғыз қазақ сен емессің. Біз жастар, мойындаған дұрыс, көкіректікті серік етіп, "ақылдысымақтың" қамытын киіп барамыз. Үлкенге құрмет білдіру орнына сақалынан тартып, кішіге - ізет емес, күш көрсетуді жөн санаймыз. Лашықта жатып ап, пернетақталап мін тағуға ұстамыз, ал өз бойымыздағы кемшілік атаулысын түзетуге ниетсізбіз.. Барлығымыз пендеміз. Елбасымыз да темірден жаралған жоқ. Кемтігін жасырып, жақсысын асыруға да қауқарымыздың жетпегені ме сонда? "Мұқағалиды оқыдым" деп, "әдеби сөзге қанаттандым" деп ел саласында жүрген аға-жағалылардың бәрін мінегеннен не пайда таппақпыз? Ақылды болсаң - қоғамды қамшыла. Тек бұлай емес. Жатып алып пікір айтқаның - жігіттікке, одан қалса адамгершілікке жат қылық.Арандатушылыққа ерме, өзің де соны тілеме. Өйтпейсің бе? Көзіңнің шараланғанын сонда көрерсің. Патриот екенсің, ұсыныс айтайын.. Ел ішіне кір де өз еңбегіңмен нан тап. Тапқан таянғаныңнан жетім-жесір, кедей-кепшікке шамаң келсе үлестір. Қолыңнан келе ме? 9-мамырда ғана емес, әр таңы күдікпен толастап жатқан қария ардагерлердің жайын сұра. Отансүйгіштіктің бұл да бір көрінісі емес пе? Аяқтан тартып, көреалмаушылықты доғар. Ізден, білім ауылын қу. Қазақстан - ұлы ел. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ұлы патша. Келісіңіз, келіспеңіз, еңбегін мақұлдаған жөн.

●•●• Есіңде сақта достым! Бұл қазақты ешбір дұшпан, ешбір алпауыт ықтыра алмас.. Босқа даурығып, ақырзаманды туғызба! Тарихқа көз сал, адам сенбес бейшараның күйін кешкен қазақ, тәуелсіздікке жеткенде болмашыдан жеңіліс таба қоймас. Мен де жастарға, өз қатарластарыма сенемін! Болашақтың іргесін бірге қалайтынымызға да кәмілмін. Қолыңды соз, жәрдем ет. Бұл Қазақстан - біздің отан! Алаш туы астында - күн сөнгенше сөнбейміз! Айтқаным айтқан!

●•●• Ұлы жүзге қамшы беріп малға қоямыз,
Орта жүзе қалам беріп дауға қоямыз,
Кіші жүзге найза беріп жауға қоямыз.
Сонда ғана "мәңгілік" ел боламыз!
© Сағым Матқали
09.06.2014
Вернуться назад