DataLife Engine / Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным – Қазақстан

Сырғабаева Ақерке
9 сынып, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп
Жетекшісі: Тлеболдинова Н.Ы.

Егеменді елімнің тамаша табиғаты мені еліктіргені сонша, қолыма қалай қаламды алғанымды да сезбей қалдым. Енді біраз күндерден соң, еліміз болып «Тұңғыш Президент» күнін тойлаймыз. Мені ойландыратын жайт, осы күндерге қалай жеттік. Ата-баба армандаған Тәуелсіздікпен, арайлап атқан таң мен тамашасына кенелген бұл жер менің жерім, менің мекенім болғанына қуанып келемін.

Бұл - кеше ғана тәуелсіздігін қолына алып, аяғын қалт-құлт басқан сәбидей, болашағын берік үстауға белін буған менің елім! Бұл - құрылғанына жиырма екі жыл толған, өзге елдерге өзін мойындата алған, білімі нық, қойнауы қазынаға толы менің жерім.

Бұл – кіндігім кесіліп, кіндік қаным тамған менің Отаным. Туған елімнің торқалы тойы. Көңілімді ерекше сезімге бөлеп, қуанышымды қойныма сыйдырмаған осы сезім де : «Менің Отаным – Қазақстан» деп бүкіл әлемге жар сала, кеудемді керіп, мақтана айта алуыма болатынына көзімді жеткізді. Ендеше, мен қай жер де жүрсем де, қандай жағдайда жүрсем де: «Менің Отаным – Қазақстан» деп мақтанышпен айта аламын және айтып жүремін.

Менің Отанымды осындай кереметтерге бөлеген Елбасымыз Нұрсұлтан атама алғысым шексіз. Әрқашанда әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың Тұңғыш Президент күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк Туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін! Мен әлемге «ЖАСАСЫН НҰРСҰЛТАН АТА!» деп жар салғым келеді.
17.03.2017
Вернуться назад