DataLife Engine / Дұға: Ұрпақ пен дәулет, байлық көптігін және берекесін тілеу

Дұға: Ұрпақ пен дәулет, байлық көптігін және берекесін тілеу

اللّهمّ أكْثِر مَالَهُ، وُ وَلَدَهُ وَ بارِك لهُ فيما أعْطَيْتَهُ


«Иә, Аллаһ! Оның ұрпағы мен дәулетін көбейтіп, берген нәрсеңді берекелі ете көр!»


Оқылуы: «Аллаһуммә! Әксир мәләһу, уә уәләдәһу, уа бәрик ләһу фимә ағтайтәһ.»

Бұл – Умму Суләйм Пайғамбарымыз Мұхаммедке, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм:

«Иә, Аллаһтың Елшісі Анас Сіздің қызметшіңіз ғой. Аллаһтан ол үшін дұға етіңіз!» — дегенінде, Пайғам-барымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм, Анастың хақысына қылған дұғасы.

Әрбір мұсылман пенде Пай-ғамбарымыздың, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм сүннетіне сәйкес ұрпағына, жақын туыстары мен жора-жолдасына жақсылық тілеп, осы дұғаны оқып Аллаһқа мінәжат етсе – дұғасы қабыл болуы сөзсіз! (Бұхари)
01.05.2019
Вернуться назад