DataLife Engine / Ұйқыдан тұрғанда және ұйықтар алдында оқылатын дұға

Ұйқыдан тұрғанда және ұйықтар алдында оқылатын дұға

Таңертең ұйқыдан тұрғанда оқылатын дұға

اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَحْيَاناَ بَعْدَ مَا اَمَاتَنَا وَاِلَيْهِ النُّشُورُ


Оқылуы: «Әлхамдулилләһи әлләзи ахяна баъда мә әмәтәнә уә иләиһин-нушур».

Мағынасы: «Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаһқа мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән».

Төсекке жатқанда оқылатын дұға

اَللَّهُمَّ بِاسْمِكَ اَمُوتُ وَاَحْيَا


Оқылуы: «Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхя».

Мағынасы: «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз».

Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға

ياَ حَىُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ اَسْتَغِيثُ


Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».

Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».
01.05.2019
Вернуться назад