Сенімділік күш береді - тренинг сабақ


Тренинг- сабақ

Сабақтың тақырыбы: “Сенімділік күш береді”

Педагог-психолог: Қаратаева Салтанат Сайлаубекқызы

Оқу-танымдық қабілеттерін түзете-дамыту

Шығармашылық-танымдық қабілеттерін дамыту

Сенімділікті бойларына қондыру

Психикалық күштенуден /стресс пен қорқыныш/ арылту

Мағлұматтық

Сенімділік

Дайындықты бағалау

Қобалжу, қорқыныш сезімдері

Қиындық тудыратын пәндер

МАБ дайындығы туралы жүргізілген сауалнаманың қорытындысы

4 сынып

Оқушылардың МАБ-қа дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту

Жаттығу: “Жағымды сөздер”

Мақсаты: Оқушылардың жылдамдық реакциясын

дамыту

Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі

Cөздер жиынтығы

С е н і м д і л і к

Жаттығу “Жылдамдық”

Бүгінгі тақырыбымыз:

Сенімділік күш береді”

Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.

Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту

Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “МАБ-қа жақсы дайындала алмаймын”, “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген сияқты.

Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.

Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

Мен ақылдымын.

Менің жаным тыныш

Мен қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін.

Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

Маған сенімділік күш береді.

Мен дайынмын.

Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту

Фразалы сөзді аяқтау:

Мен саған сенімдімін, сен...

Жаттығу “Күн шуақты алаңқай”

ІІІ Қорытынды бөлім

Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру

Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.

Күн шуақты алаңқай” қызыл-сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.

ІІІ Қорытынды бөлім

Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ?

Өте жақсы!

Жақсы!

Бір қалыпты!

Онша емес!

Жаман!

Л. Вовенарг

Өзіңді-өзің бағалай біл !

Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу