DataLife Engine / Медеу Демеу Медеуұлы (Бір ән салшы)

Медеу Демеу Медеуұлы (Бір ән салшы)

Көгершінім, көріктім ақ тамағым,
Маған мәлім күні ертең аттанарың.
Бір ән салшы жүректі жадыратар,
Естелік үшін соны ап қаламын.

Бір ән салшы, шырқатып,төгілдіріп,
Кетсін бір сәт мұңдылау көңіл жібіп.
Бір ән салшы, әйтеуір, бір ән салшы,
Күдіктердің арқауын сөгілдіріп.

Бір ән салшы,жарқыным,жазықты емен,
Торықтырып тұманда қажытты өлең.
Мен бір бейбақ адасқан аруынан ,
Келе жатып теп-тегіс жазықпенен.

Бір ән салшы, салшы бір өтінемін,
Жадыратып тағдырдың жетімегін.
Өтінемін, бір ән сал, тыңдайын бір,
Бақытты етіп бір кезде кетіп едің.
02.02.2015
Вернуться назад