DataLife Engine / Медеу Демеу Медеуұлы (Сен қашан келер екенсің...)

Медеу Демеу Медеуұлы (Сен қашан келер екенсің...)

Демеші, қалқам, екен сұм,
Өзіңді сүйген екем шын.
Сағынған мені қуантып,
Сен қашан келер екенсің?..

Сұрадым сені күннен де,
Сұрадым сені түннен де.
Аларын білмей алжасқан,
Ақылдым, айтшы, бір мен бе?..

Күнімді жалғар бір күнге,
Есімде бәрі, күлкің де.
Табынтқан ерен өзіңе,
Ұмыту сені мүмкін бе?

Өтті ғой талай апталар,
Күткелі жақсы хат-хабар.
Бақытым, барым, қайдасың?
Жанымды жәннәт баққа орар.

Жүректі жаулап барша мұң,
Күткелі сені қанша күн.
Күндіз де, түнде сені ойлап,
Жарқыным, келші,шаршадым.

Демеші,қалқам, екен сұм,
Өзіңді сүйген екем шын.
Сағынған мені қуантып,
Сен қашан келер екенсің..
02.02.2015
Вернуться назад