DataLife Engine / Медеу Демеу Медеуұлы (Өзіңсіз өмір тамұқтай)

Медеу Демеу Медеуұлы (Өзіңсіз өмір тамұқтай)

Жарқыным-ау, саған тек жүгінем мен,
Үніңе әсем елітіп, үңіле білгем.
Кешелер жүрсем көңілім көктемге ұласып,
Қоштасқым келіп жүр қазір бүгін өмірмен.

Қалып кеткен қайраңда қайықтайын,
Сенсіз күндер жайыпты уайым.
Көңілімнің көктемі емес пе едің,
Сені қалай, айтшы өзің, айыптаймын.

Жүрмеген соң бұл күнде сыртыңдасып,
Мазасызбын,түндерде ұйқым қашып.
Неге, түсіме кіресің көп,
Тағдыр тартқан сен маған сыйсың ба, асыл?

Қаумаласа қайғы-мұң ала бөтен,
Терезеңнің тұсынан қарап өтем.
Таласуды қайтеміз тар ғұмырда,
Жарасуды қайтадан талап етем.

Шыным сенсің жаныммен өмір етем,
Сенен басқа жандардың бәрі бөтен.
Өзіңменен бұл өмір жұмақ-тағы,
Өзің жоқта қапас бір тамұқ екен.
02.02.2015
Вернуться назад