DataLife Engine / Матай Сансызбайұлы (Қазақ бала)

Матай Сансызбайұлы (Қазақ бала)

Күз мезгілі , қыс кетіп , жаз аптаған
Қырға шықтым тынығып аз аптаға
Сонда маған бірінші сәлем берді
Кіп-кішкентай , қолы күс қазақ бала

Қара борбай, қолы күс қазақ бала
Сәлем берді , күлмеңдер ,мазақтама
Көтеріп жерден алып иіскедім
Шыдадым жылай салмай аз-ақ ғана

Иіліп қол беруге тиісті едім
Бырақ мен құшақтадым , иіскедім
Сарайымды мол мәтте жіберді ашып
Сәбидің жұпар-жусан иістері

Қара бала қарайды қиықтана
Қылығына сәбидің иіп барам
Туған далам тудырған Қазақ елім
Құшағыма кеткендей сиып ғана

Керек емес бұл жерде қалалығың
Керек емес ұлылық далалығың
Ғажайып бір күй кештім , табылғандай
Ұмыт қалған кешегі балалығым

Өтсе де талай ғасыр азаптаған
Ал бүгін азат өмір , азат заман
Ұрпағың үзілмесін Қазақ бабам
Аман жүр айналайын Қазақ бала.
29.03.2016
Вернуться назад