DataLife Engine / Бұқар жырау (Арту, арту бел келсе)

Бұқар жырау (Арту, арту бел келсе)

Арту, арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп.
Жал, құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалын малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат болмас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
Садыр, қайда барасың,
Сарысуды көбелеп?
Сен қашсаң да, мен қойман,
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын
Қар, жаңбырдай себелеп.
Ежелгі дос жау болмас,
Шірнеуіште хаты бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Көңілінде кірдің таты бар.
08.01.2014
Вернуться назад