DataLife Engine / Шәмші Қалдаяқов (Әкелер туралы ой)

Шәмші Қалдаяқов (Әкелер туралы ой)

Өмірдің көрген талай жол торабын,
Әкеден кім аяйды қолда барын.
Әкенің ақ тілегін тілеу парыз,
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын.

Ыстық – ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген,
Өмірдің соқпағынан өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың асып тасып жартасынан,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран салып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің ортасында.
27.11.2015
Вернуться назад